https://sputnik.kz/20220310/auyr-atlet-zhulde-sot-23422999.html
Ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада жүлдесінің сыйақасын сот арқылы өндіріп алды
Ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада жүлдесінің сыйақасын сот арқылы өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
Олимпиадада "қола" алғаны үшін 75 мың доллар төленеді, ал төртінші орынға 30 мың доллар беріледі 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T15:12+0500
2022-03-10T15:12+0500
2022-03-10T15:12+0500
спорт
олимпиада чемпионы
https://sputnik.kz/img/old/1280/30/12803065_0:123:3500:2092_1920x0_80_0_0_e5dca4b202d54ee9ea0874262331e5fa.jpg
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан соты 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қазақстандық ауыр атлет Денис Улановтың ісі бойынша шешім шығарды. Бастапқыда Уланов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада төртінші орын алды. Алайда екі жылдан кейін нәтиже қайта қаралып, Халықаралық Олимпиада комитеті оған үшінші орын берді. 2021 жылдың тамызында Уланов ауыр атлетика федерациясынан олимпиадада "қола" алғанына орай ақша төлеуін сұраған. Алайда мәдениет және спорт министрлігі төлемді қайта қарауға негіз жоқ деп мәлімдеді. Спортшы бұл шешімге келіспей, Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. Сот егер спортшыға жоғары орын берілсе, заң жүлде бойынша төлемді қайта қарауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді. 10 наурыздағы сот шешімімен Улановтың талап-арызы қанағаттандырылды. Төлем мөлшерін қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды. Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, олимпиадада "алтын " үшін спортшыға 250 мың доллар, "күміс" үшін – 150 мың, "қола" үшін – 75 мың доллар төленеді. Сондай-ақ төртінші, бесінші және алтыншы орындарға ие болған қазақстандықтарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллардан беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1280/30/12803065_274:0:3227:2215_1920x0_80_0_0_d6f6a35a7e2e20cb75c7e69c98561659.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада чемпионы
Ауыр атлет Денис Уланов Олимпиада жүлдесінің сыйақасын сот арқылы өндіріп алды
Олимпиадада "қола" алғаны үшін 75 мың доллар төленеді, ал төртінші орынға 30 мың доллар беріледі
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан соты 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қазақстандық ауыр атлет Денис Улановтың ісі бойынша шешім шығарды.
Бастапқыда Уланов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада төртінші орын алды. Алайда екі жылдан кейін нәтиже қайта қаралып, Халықаралық Олимпиада комитеті оған үшінші орын берді.
2021 жылдың тамызында Уланов ауыр атлетика федерациясынан олимпиадада "қола" алғанына орай ақша төлеуін сұраған. Алайда мәдениет және спорт министрлігі төлемді қайта қарауға негіз жоқ деп мәлімдеді.
Спортшы бұл шешімге келіспей, Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді.
Сот егер спортшыға жоғары орын берілсе, заң жүлде бойынша төлемді қайта қарауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
10 наурыздағы сот шешімімен Улановтың талап-арызы қанағаттандырылды. Төлем мөлшерін қайта қараудан бас тарту заңсыз деп танылды.
"Сот мәдениет және спорт министрлігіне төлем мөлшерін қайта қарау міндетін жүктеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот хабарламасында.
Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, олимпиадада "алтын " үшін спортшыға 250 мың доллар, "күміс" үшін – 150 мың, "қола" үшін – 75 мың доллар төленеді.
Сондай-ақ төртінші, бесінші және алтыншы орындарға ие болған қазақстандықтарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллардан беріледі.