https://sputnik.kz/20220310/almaty-duzhnov-sot-23416923.html
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновтың ісі сотқа жолданды
Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновтың ісі сотқа жолданды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Алматылық Игорь Дужновтың ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті, деп хабарлады Алматы қалалық... 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T13:16+0500
2022-03-10T13:16+0500
2022-03-10T13:16+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c9c1b99d3f0e86e4fb09dd4c14185f75.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Алматылық Игорь Дужновтың ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті, деп хабарлады Алматы қалалық соты.2021 жылдың қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ ықшамауданында 5 адамды атып тастаған Игорь Дужновтың ісі қоғамда резонанс тудырған болатын.20 қыркүйек күні кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзінің отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушы, үйдің жаңа иесі және оның өкілі қаза тапты.Игорь Дужнов ұсталып, "Адам өлтіру" және "Құқық қорғау органдары қызметкерінің жеке өміріне қол сұғу" бабы бойынша қылмыстық істі тергеу басталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Күдіктінің отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Бұрынғы қожайын сот шешімімен келіспей, көшкісі келмеген. Сот жаңа иесінің жағына шықты.Бұған дейін Дужнов адамдардың қазасына өкінетінін мәлімдеді. Ол "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушының заңсыз әрекеттері" осындай күйге жеткізгенін атап өтті.Оның әйелі Анаид Демирчян да мәлімдеме жасады. Ол мүліктің тиын-тебенге сатылып кеткенін айтты. Ол да сот орындаушының әрекетіне шағымданды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/111/30/1113058_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a16870dedb10a41bd313cac21052f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Алматылық Игорь Дужновтың ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті, деп хабарлады Алматы қалалық соты.
2021 жылдың қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ ықшамауданында 5 адамды атып тастаған Игорь Дужновтың ісі қоғамда резонанс тудырған болатын.
20 қыркүйек күні кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов өзінің отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушы, үйдің жаңа иесі және оның өкілі қаза тапты.
Игорь Дужнов ұсталып, "Адам өлтіру" және "Құқық қорғау органдары қызметкерінің жеке өміріне қол сұғу" бабы бойынша қылмыстық істі тергеу басталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдіктінің отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Бұрынғы қожайын сот шешімімен келіспей, көшкісі келмеген. Сот жаңа иесінің жағына шықты.
Бұған дейін Дужнов адамдардың қазасына өкінетінін мәлімдеді. Ол "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушының заңсыз әрекеттері" осындай күйге жеткізгенін атап өтті.
Оның әйелі Анаид Демирчян да мәлімдеме жасады. Ол мүліктің тиын-тебенге сатылып кеткенін айтты. Ол да сот орындаушының әрекетіне шағымданды.