https://sputnik.kz/20220310/almaty-ayel-ushaq-bileti-23409517.html
Алматыда әйел екі жылға жуық жалған ұшақ билетін сатқан
Алматыда әйел екі жылға жуық жалған ұшақ билетін сатқан
Sputnik Қазақстан
Полиция күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T10:16+0500
2022-03-10T10:16+0500
2022-03-10T10:21+0500
өңірлер
алматы
әйел
ұшақ
билет
https://sputnik.kz/img/1386/30/13863053_0:0:2500:1407_1920x0_80_0_0_1eb92ae5579b2e2e0ed3f02f33b8751e.jpg
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Алматыда әйел екі жылға жуық уақыт бойы тұрғындарға жалған авиабилет сатқан. Ол өзін туристік фирма қызметкері деп таныстырған, деп хабарлады Polisia.kz. Полиция бұрын сотталмаған 36 жастағы әйелдің 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың қазанына дейін жалған билет сатқанын хабарлады."Тергеу күдіктінің туристік фирманың бірінің қызметкері болып таныстырғанын анықтады. Клиенттердің аңғалдығын пайдаланып, олардан билет құнын толық алған. Сатып алушыға сатып алуды растайтын жалған талон берген. Бұл туралы клиент әуежайда ұшуға дайын тұрғанда рейс жолаушылары тізімінде өзінің жоқ екенін білген кезде түсінген", - деп хабарлады полиция.Осындай қылмыс бойынша 12 жәбірленуші арызданған. Қылмыстық істің барлығы бір іске біріктіріліп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("алаяқтық") бойынша тергелді. Полиция күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
https://sputnik.kz/20211229/bilet-ayel-lotereya-19008916.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1386/30/13863053_277:0:2500:1667_1920x0_80_0_0_52d1dbeac7854c4e6508748f1e136a65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әйел, ұшақ, билет
алматы, әйел, ұшақ, билет
Алматыда әйел екі жылға жуық жалған ұшақ билетін сатқан
10:16 10.03.2022 (жаңартылды: 10:21 10.03.2022) Полиция күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Алматыда әйел екі жылға жуық уақыт бойы тұрғындарға жалған авиабилет сатқан. Ол өзін туристік фирма қызметкері деп таныстырған, деп хабарлады
Polisia.kz.
Полиция бұрын сотталмаған 36 жастағы әйелдің 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың қазанына дейін жалған билет сатқанын хабарлады.
"Тергеу күдіктінің туристік фирманың бірінің қызметкері болып таныстырғанын анықтады. Клиенттердің аңғалдығын пайдаланып, олардан билет құнын толық алған. Сатып алушыға сатып алуды растайтын жалған талон берген. Бұл туралы клиент әуежайда ұшуға дайын тұрғанда рейс жолаушылары тізімінде өзінің жоқ екенін білген кезде түсінген", - деп хабарлады полиция.
Осындай қылмыс бойынша 12 жәбірленуші арызданған. Қылмыстық істің барлығы бір іске біріктіріліп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("алаяқтық") бойынша тергелді.
Полиция күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.