Елорда тынысы

Абу-Даби Плаза сауда орталығынан өрт шықты

© Sputnik / Абзал КалиевАбу-Даби Плаза сауда орталығынан өрт шықты
Абу-Даби Плаза сауда орталығынан өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Қызметкерлер мен сауда орталығында жүрген адамдар ғимараттан өз бетінше шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Сығанақ көшесіндегі Абу-Даби Плаза сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына шұғыл жеткен.
Өрт туралы хабар 10 наурыз сағат 14:57-де түсті.
"4 минутта жеткен өрт сөндірушілер Абу-Даби Плаза ғимаратының бірінші қабатында желдеткіш камерасының жанып жатқанын анықтады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған", - деп мәлімдеді елорданың ТЖ департаменті.
Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24-те сөндірілді.
Айта кетері, Абу-Даби Плаза – Орталық Азиядағы ең биік ғимарат.
Жаңалықтар
0