https://sputnik.kz/20220309/ukraina-qazaqstan-azamaty-23399799.html
Украинадан 700-ден астам Қазақстан азаматы шығып кетті
Украинадан 700-ден астам Қазақстан азаматы шығып кетті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Катовице қаласында 165 қазақстандық бар 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T20:20+0500
2022-03-09T20:20+0500
2022-03-09T20:20+0500
қоғам
украина
қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23162354_0:512:2730:2048_1920x0_80_0_0_3c39c2bcc873ab3697112977c331d34a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Дипломаттар 731 Қазақстан азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті.Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті. 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де Атырау қаласынан Польшаның Катовице қаласына 4-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұған дейін үш репатриациялық рейспен Қазақстанға 432 ҚР азаматы жеткізілгені белгілі.Қазіргі уақытта Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде Қазақстан азаматтары жоқ. Львовтағы Қазақстанның Құрметті консулдығының жанындағы эвакуациялық жинау нүктесінде 11 адам жиналды, ал Харьковта 7 отандасымыз қалып отыр. Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы Қазақстан азаматтарының жалпы саны 18 адамды құрайды. Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне байланысты бүгінгі таңда олармен байланыс орнату мүмкіншілік жоқ. Сумы қаласында екі Қазақстан азаматы бар, олармен тұрақты байланыс орнатылған. Аталған азаматтар гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуацияланады деп күтілуде, аталған дәліздердің ашылуы Ресей мен Украина тараптарымен талқылануда. Киев қаласындағы жағдайдың ұшығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді және олар Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда. Қазақстандық дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 44-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 13 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетілуде.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23162354_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_b59749853ee5b1ae70f9529aa08bc9a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, қазақстандықтар
Украинадан 700-ден астам Қазақстан азаматы шығып кетті
Қазіргі уақытта Катовице қаласында 165 қазақстандық бар
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Дипломаттар 731 Қазақстан азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті.
Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті.
9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де Атырау қаласынан Польшаның Катовице қаласына 4-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұған дейін үш репатриациялық рейспен Қазақстанға 432 ҚР азаматы жеткізілгені белгілі.
Қазіргі уақытта Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде Қазақстан азаматтары жоқ. Львовтағы Қазақстанның Құрметті консулдығының жанындағы эвакуациялық жинау нүктесінде 11 адам жиналды, ал Харьковта 7 отандасымыз қалып отыр.
Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы Қазақстан азаматтарының жалпы саны 18 адамды құрайды. Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне байланысты бүгінгі таңда олармен байланыс орнату мүмкіншілік жоқ. Сумы қаласында екі Қазақстан азаматы бар, олармен тұрақты байланыс орнатылған.
Аталған азаматтар гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуацияланады деп күтілуде, аталған дәліздердің ашылуы Ресей мен Украина тараптарымен талқылануда.
Киев қаласындағы жағдайдың ұшығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді және олар Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда.
Қазақстандық дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 44-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 13 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетілуде.