https://sputnik.kz/20220309/shqo-turgyny-zansyz-anshylyq-23388760.html
Бұлғын аулап, етін итіне берген ШҚО тұрғыны ұсталды
Бұлғын аулап, етін итіне берген ШҚО тұрғыны ұсталды
Sputnik Қазақстан
Бұлғындар аралар қыстайтын жерді паналамақ болған 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T13:48+0500
2022-03-09T13:48+0500
2023-08-09T12:29+0500
өңірлер
тұрғын
аңшылық
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23385452_0:721:2048:1873_1920x0_80_0_0_f20418740e16018be50c453c17a39230.jpg
ЛМАТЫ, 9 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 59 жастағы тұрғынын ұстады.Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қысқы омартада өздеріне пана тапқан бұлғындарды тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың желтоқсан айының басында үйінің маңында аралар қыстайтын жерде бұлғындарды көріп қалған.Сәтті пайдаланып қалмақ болған ер адам үйінен 4 қақпан алып шығып, үйшікке кірген іздің бойымен қақпан қойып, “қонақтарды” аңдыған. Сол кеште қақпанға бұлғынның біреуі, келесі күні қалған үшеуі түскен. Ол аңдардың терісін сыпырып, етін иттеріне берген.Жауап алу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Бұл аңды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, лицензиясының жоқтығына қарамастан, заң бұзған. Жануарлар дүниесіне келтірілген шығын 450 мың теңгеден асты. Тұрғынға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аң аулау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. Осы баптың санкциясы бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23385452_0:529:2048:2065_1920x0_80_0_0_1220c10473a030967154c63f4de1b158.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын, аңшылық, шығыс қазақстан
тұрғын, аңшылық, шығыс қазақстан
Бұлғын аулап, етін итіне берген ШҚО тұрғыны ұсталды
13:48 09.03.2022 (жаңартылды: 12:29 09.08.2023) Бұлғындар аралар қыстайтын жерді паналамақ болған
ЛМАТЫ, 9 наурыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 59 жастағы тұрғынын ұстады.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қысқы омартада өздеріне пана тапқан бұлғындарды тауып алды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
2021 жылдың желтоқсан айының басында үйінің маңында аралар қыстайтын жерде бұлғындарды көріп қалған.
Сәтті пайдаланып қалмақ болған ер адам үйінен 4 қақпан алып шығып, үйшікке кірген іздің бойымен қақпан қойып, “қонақтарды” аңдыған. Сол кеште қақпанға бұлғынның біреуі, келесі күні қалған үшеуі түскен. Ол аңдардың терісін сыпырып, етін иттеріне берген.
Жауап алу барысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Бұл аңды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, лицензиясының жоқтығына қарамастан, заң бұзған.
Жануарлар дүниесіне келтірілген шығын 450 мың теңгеден асты. Тұрғынға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аң аулау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды. Осы баптың санкциясы бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.