Өңірлер

Павлодар облысында үйлердің ауласына су жиналды – видео

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
ПАВЛОДАР, 9 наурыз – Sputnik. Баянауыл ауданы аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баянауыл ауданындағы жағдай

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан судың ауыл тұрғындарының үйіне жақындап қалғанын көруге болады.
"Судың үйге кіруіне 30 сантиметр ғана қалды!" – дейді кадр сыртындағы дауыс. Көшелер мен автожолда су үздіксіз ағып жатыр.
Баянауыл ауданының әкімі Серік Батығожинов Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісіне өңірдегі жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.
"Су басуға жол бермедік. "Бірлік" ауылында бір ауланы су басу қаупі туындады, бірақ біз суды басқа жаққа бұрдық. Ауа температурасы күрт көтеріліп, түнде жауған жаңбыр салдарынан жағдай күрделене түсті", - деп түсіндірді аудан басшысы.
Оның сөзін павлодарлық құтқарушылар растады. Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 6 наурыз күні сағат 24:00 шамасында Баянауыл ауданы Бірлік ауылындағы Абай көшесінің бойында екі пәтерлі тұрғын үйдің аумағына еріген қар және жаңбыр суы жиналған. Оларды мотопомпамен сорып шығарған.
Ертеңінде қалың қардың еруі мен жаңбырдың салдарынан су Бірлікке кіреберістегі автожолды басқан. Осыған байланысты КамАЗ, жүк тиегіш және жеңіл автокөлікпен кезекшілік ұйымдастырылды.
Кешке қарай Екібастұз қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің төрт қызметкері су соратын мотопомпаларды алып жолға шықты. Жолды, елді мекенді су шаю қаупі жоқ.
Жаңажол ауылында су жол бойымен ағып жатыр, биіктігі 25-30 сантиметр, ені 7-10 метр. Диаметрі 0,5 метр болатын 15 су өткізгіш құбырдың барлығы 100% жұмыс істеп тұр.

Май ауданындағы жағдай

Құтқарушылардың мәліметінше, 7 наурыз күні кешкі уақытта Май ауданы Көктөбе ауылының Абылайхан көшесінде бес үйдің ауласына еріген қар суы жиналған. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмыс істеді. Жергілікті атқарушы органдардан жүк тиегіш, трактор, екі мотопомпабөлініп, 11 адам жұмылдырылған.
101 пультіне үйді су басқаны туралы хабарлама түскен жоқ.
Сол күні аудандық маңызы бар жолдың Саты ауылынан Ақшиман елді мекеніне дейінгі бөлігінде еріген қар суы мен жауын-шашынның салдарынан тасжол бойына су жиналды. Май ауданы әкімінің орынбасары жағдайды бағалау үшін төтенше жағдайлар бөлімінің инженерімен бірге оқиға орнына барды.
"Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды. Өңірдегі жағдай бақылауға алынды, жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлады құтқарушылар баспасөз хабарламасында.
Жаңалықтар
0