https://sputnik.kz/20220309/otemaqy-khanzada-23377695.html
Өтемақы төледі: зорлық көрсетті деп айыпталған ханзадаға қатысты іс тоқтатылды
Өтемақы төледі: зорлық көрсетті деп айыпталған ханзадаға қатысты іс тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Кейбір мәлімет бойынша британ корольдігі отбасының мүшесі өзін зорлады деп айыптаған Вирджиния Джуффреге 12 миллион фунт өтемақы төледі 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T09:06+0500
2022-03-09T09:06+0500
2022-03-09T09:10+0500
ханзада
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18150264_0:178:2048:1330_1920x0_80_0_0_4995e20586410dcde97800d5ffc59ece.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Британ ханзадасы Эндрю өзін зорлады деп айыптаған құқық қорғаушы Вирджиния Джуффреге өтемақы төледі, сот талқылауы тоқтатылды."Йорк герцогы өзін айыптаған Вирджиния Джуффреге қаржылай өтемақы төледі", - деп жазды телеарна өз сайтында.Сотқа талап арыз бойынша істі қарауды тоқтату туралы құжаттар жолданды.Өтемақы 12 миллион фунтты (15,7 миллион доллар) құрауы мүмкін. Джуффре бұл қаражатты қайырымдылық пен құқық қорғау қызметіне жұмсауды көздеп отыр.Джуффре – қаржы маманы Джеффри Эпстинді кәмелетке толмағандарды саудаға салды деп айыптаған ең танымал әйелдердің бірі. Эпстин осы күдік бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол Эпстиннің сыбайластары арасында ІІ Елизаветаның ұлы британ ханзадасы Эндрю болғанын және ол өзін 17 жаста болған кезде зорлағанын мәлімдеді.Қаңтарда қоғамда қызу талқыланған осы айыптауларға және басталған сот процесіне байланысты Букингем сарайы Эндрю ханзада беделді әскери атақтан, корольдік қамқорлықтан айырылғанын, бұдан әрі "Құрметті король мәртебесі" атағын қолдана алмайтынын, сотта өзін жеке тұлға ретінде қорғайтынын хабарлады.Америка соты ханзаданың өзіне қойылған талап арызды қабылдамау туралы өтінішін кері қайтарды.
https://sputnik.kz/20171129/3895530.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18150264_0:122:2048:1658_1920x0_80_0_0_859a31d0ce7a2a0a95b95700fb72d7f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ханзада
Өтемақы төледі: зорлық көрсетті деп айыпталған ханзадаға қатысты іс тоқтатылды
09:06 09.03.2022 (жаңартылды: 09:10 09.03.2022) Кейбір мәлімет бойынша британ корольдігі отбасының мүшесі өзін зорлады деп айыптаған Вирджиния Джуффреге 12 миллион фунт өтемақы төледі
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Британ ханзадасы Эндрю өзін зорлады деп айыптаған құқық қорғаушы Вирджиния Джуффреге өтемақы төледі, сот талқылауы тоқтатылды.
"Йорк герцогы өзін айыптаған Вирджиния Джуффреге қаржылай өтемақы төледі", - деп жазды телеарна өз сайтында.
Сотқа талап арыз бойынша істі қарауды тоқтату туралы құжаттар жолданды.
"Азаматтық іс судья құжатқа қол қойғаннан кейін, яғни сейсенбіде ресми аяқталды", - деп хабарлайды
РИА Новости.Өтемақы 12 миллион фунтты (15,7 миллион доллар) құрауы мүмкін. Джуффре бұл қаражатты қайырымдылық пен құқық қорғау қызметіне жұмсауды көздеп отыр.
Джуффре – қаржы маманы Джеффри Эпстинді кәмелетке толмағандарды саудаға салды деп айыптаған ең танымал әйелдердің бірі. Эпстин осы күдік бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол Эпстиннің сыбайластары арасында ІІ Елизаветаның ұлы британ ханзадасы Эндрю болғанын және ол өзін 17 жаста болған кезде зорлағанын мәлімдеді.
Қаңтарда қоғамда қызу талқыланған осы айыптауларға және басталған сот процесіне байланысты Букингем сарайы Эндрю ханзада беделді әскери атақтан, корольдік қамқорлықтан айырылғанын, бұдан әрі "Құрметті король мәртебесі" атағын қолдана алмайтынын, сотта өзін жеке тұлға ретінде қорғайтынын хабарлады.
Америка соты ханзаданың өзіне қойылған талап арызды қабылдамау туралы өтінішін кері қайтарды.