https://sputnik.kz/20220309/mazhilismen-okilettik-23379462.html
Екі мәжілісменнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Екі мәжілісменнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Парламенттің төменгі палатасы Қаменов пен Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны жақтап дауыс берді 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T09:34+0500
2022-03-09T09:34+0500
2022-03-09T09:34+0500
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16031977_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_33a39e8ff2c0fb361bd21d6ab7fbc989.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Екі депутат та міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Тиісті ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы мәжілістің қарауына енгізді.Парламенттің төменгі палатасы Қаменов пен Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны жақтап дауыс берді.Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың да өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Дауылбаев та ОСК-дан кетуге өз еркімен өтініш берген.Айта кетері, Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып 2020 жылы тағайындалды.Экс-депутаттар жайлы не білемізСергей Решетников 1974 жылы 29 наурызда туған. Арнайы әскери атағы бар – Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы подполковнигі. 1999-2016 жылдар аралығында ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінде қызмет еткен, "Альфа-А" терроризмге қарсы ардагерлер одағының негізін қалаған.Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.Файзолла Қаменов 1960 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысының Қорғалжын ауылында дүниеге келген.Әр жылдары ішкі істер министрлігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарған, сонымен қатар ҰҚК-де жедел және басшылық қызметтерде болған.2013-2014 жылдары Қазақстанның ҰҚК "Арыстан" қызметін басқарды.2017 - 2019 жылдары "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК" АҚ күзет қызметінің бастығы.Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.Екі депутат та "Қазақстан халық партиясының" мүшесі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0e/16031977_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_17a1ed8ea9121bbf33ddc32c78d863b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс
Екі мәжілісменнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Парламенттің төменгі палатасы Қаменов пен Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны жақтап дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі депутат та міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Тиісті ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы мәжілістің қарауына енгізді.
Парламенттің төменгі палатасы Қаменов пен Решетниковтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны жақтап дауыс берді.
Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың да өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Дауылбаев та ОСК-дан кетуге өз еркімен өтініш берген.
Айта кетері, Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып 2020 жылы тағайындалды.
Экс-депутаттар жайлы не білеміз
Сергей Решетников 1974 жылы 29 наурызда туған. Арнайы әскери атағы бар – Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы подполковнигі. 1999-2016 жылдар аралығында ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінде қызмет еткен, "Альфа-А" терроризмге қарсы ардагерлер одағының негізін қалаған.
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
Файзолла Қаменов 1960 жылы 30 қыркүйекте Ақмола облысының Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
Әр жылдары ішкі істер министрлігінің түрлі құрылымдарында қызмет атқарған, сонымен қатар ҰҚК-де жедел және басшылық қызметтерде болған.
2013-2014 жылдары Қазақстанның ҰҚК "Арыстан" қызметін басқарды.
2017 - 2019 жылдары "Қазақстан Ғарыш сапары" ҰК" АҚ күзет қызметінің бастығы.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
Екі депутат та "Қазақстан халық партиясының" мүшесі.