Өңірлер

Аяз әлі де болады: синоптиктер үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
Батыс аймақтарда қар жауады, боран болады
АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Қазгидромет мамандары 10-12 наурызға ауа райын болжады.
Синоптиктер ақпаратына сәйкес, бұл күндері елдің солтүстігінде жауын-шашын жаумайды, алайда ауа температурасы өте төмен болады.
Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28C аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жауады, республиканың батыс аймақтарында қар жауады, боран болады.
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ 15-20 м/с дейін жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 10-12 ақпанда күн бұлтты болады. Түнде ауа температуарсы -13...-16C дейін төмендейді, күндіз -8...-10C болады.
Алматыда 10-12 наурызда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +3...+7C көрсетсе, күндіз +10...+11C болады.
Шымкентте 10-11 наурызда жаңбыр жауады, түнде +4...+8C, күндіз +16...+18C көрсетеді. 12 наурызда жаңбыр қатты жауады, түнде +9C, күндіз +18C болады.
 В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Тосынсый жасауы мүмкін: көктемде ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0