Денсаулық

Ауысыммен жұмыс істеудің миға әсері қандай

© PhotoЖұмыс істеп отырған адам
Жұмыс істеп отырған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2022
Жазылу
Ғалымдар медицина, құқық қорғау, IT және басқа салалардағы жұмысшыларды салыстырды
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Ғалымдар ауысыммен жұмыс істеу мидың когнитивті қабілетіне кері әсерін тигізеді. Зерттеу нәтижесі Occupational & Environmental Medicine-де жарияланды.
Жұмыс барысында мамандар 2005-2020 жылдар аралығында жарияланған алдыңғы 18 зерттеудің мәліметтерін зерделеді. Оған 19 мыңға жуық адам қатысты (орташа жасы 35).
Ғалымдар медицина, құқық қорғау, IT және басқа салалардағы жұмысшыларды салыстырды. Содан кейін алты жағдайдың бесеуінде ауысыммен істейтіндердің өнімділігі басқа жұмыстағыларға қарағанда едәуір төмен екенін анықтады.
Әсіресе, импульсті бақылау мен танымдық реакция қатты зардап шеккен. Ақпаратты өңдеу жылдамдығына, есте сақтау мен ұқыптылыққа әсер етті. Алайда бір істен екіншісіне ауыса білу қабілеті бойынша қиындық туындамаған.
Ауысымдық жұмыс кезінде циркадалық ритм бұзылады. Бұл ұйқының нашарлауы, жүрек-қантамыр ауруларына, семіздікке, қант диабетіне әкеледі.
Бірақ бұл жұмыс түрінің ақпарат пен жадты өңдеу жылдамдығы сияқты мидың кейбір функцияларына әсері белгісіз.
ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Денсаулық
"Вакцина мидың бұзылуына әкеліп соғады": шетелдік дәрігердің айтқаны рас па
Жаңалықтар
0