https://sputnik.kz/20220309/atyrau-oblysy-zharyq-23391009.html
Атырау облысындағы бірнеше ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр
Атырау облысындағы бірнеше ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр
Sputnik Қазақстан
Медициналық мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар дизельді генератор көмегімен жұмысты жалғастырды 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T14:38+0500
2022-03-09T14:38+0500
2022-03-09T14:38+0500
өңірлер
атырау облысы
жарық
https://sputnik.kz/img/1282/41/12824193_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c2de83e3d7725884651a97e32ab47422.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Атырау облысындағы бірнеше ауыл тұрғындары төрт күннен бері жарық, жылу және интернетсіз отыр. Өңірлік "Мой город" порталының ақпараты бойынша, 5 наурызда сағат 3.10-да жойқын желдің салдарынан электр бағаналары құлап, бұл жарықтың апатты ажырауына алып келген. 16 ауылдағы 52 мың абонент жарықсыз қалды. 6 наурыздағы сағат 11:30-дағы дерек бойынша, 14 мың абонентке жарық берілді, ал қалған тұрғындар электрсіз қалды. Медициналық мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар дизельді генератор көмегімен жұмысты жалғастырды. 9 наурызда Атырау облысының әкімдігі хабарлағандай, ауылдардың басым бөлігінде электр жарығын беру қалпына келтірілді. "Көптоғай және Бірлік ауылдық округтерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір елді мекенде электр жарығы мен байланыс желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. "Қазақтелекомның" 27 станциясының 20-сында байланыс реттелді", - деп хабарлады Құрманғазы ауданының әкімдігінде.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1282/41/12824193_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_5886934df98928d90e131264b093dadc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, жарық
Атырау облысындағы бірнеше ауыл төрт күннен бері жарықсыз отыр
Медициналық мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар дизельді генератор көмегімен жұмысты жалғастырды
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Атырау облысындағы бірнеше ауыл тұрғындары төрт күннен бері жарық, жылу және интернетсіз отыр.
Өңірлік "Мой город" порталының ақпараты бойынша, 5 наурызда сағат 3.10-да жойқын желдің салдарынан электр бағаналары құлап, бұл жарықтың апатты ажырауына алып келген.
16 ауылдағы 52 мың абонент жарықсыз қалды. 6 наурыздағы сағат 11:30-дағы дерек бойынша, 14 мың абонентке жарық берілді, ал қалған тұрғындар электрсіз қалды.
Медициналық мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар дизельді генератор көмегімен жұмысты жалғастырды.
9 наурызда Атырау облысының әкімдігі хабарлағандай, ауылдардың басым бөлігінде электр жарығын беру қалпына келтірілді.
"Көптоғай және Бірлік ауылдық округтерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір елді мекенде электр жарығы мен байланыс желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. "Қазақтелекомның" 27 станциясының 20-сында байланыс реттелді", - деп хабарлады Құрманғазы ауданының әкімдігінде.