https://sputnik.kz/20220309/astanaenergosbyt-kompaniyasy-ayyppul-23393544.html
"Астанаэнергосбыт" төлемдерді қайта есептеуі мүмкін
"Астанаэнергосбыт" төлемдерді қайта есептеуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Тексеру барысында Кәсіпкерлік кодекс талаптарын бұзу фактілері анықталды 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T15:25+0500
2022-03-09T15:25+0500
2023-08-09T12:22+0500
қоғам
электр энергиясы
астана
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_cdb08b10420aa1a92e6deeb70ee207b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Табиғи монополияларды реттеу комитеті "Астанаэнергосбыт" компаниясын тексерудің нәтижесін жариялады. Бұл компанияға астаналық тұтынушылар тарапынан арыз-шағым түскен. Осыдан кейін комитеттің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында Кәсіпкерлік кодекс талаптарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, "Астанаэнергосбыт" компаниясы 2021 жылғы қараша-желтоқсан айларында және 2022 жылғы қаңтар айында тұтынушыларға Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес орташа тәуліктік есептеу бойынша көрсеткіштер шығарған. Осы тәртіп энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 143 бұйрығымен бекітілген. Алайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңы және Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Осылайша, компания бұйрыққа бағынамын деп, заңды бұзған. "Компанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді комитет мамандары. Сондай-ақ, "Астанаэнергосбыт" коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергияны қайта есептеуге міндеттелді. Ал "Астанаэнергосбыт" компаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгініп, қарсы шағым түсірді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/24/12872455_276:0:2436:1620_1920x0_80_0_0_21523a50a17a5df929254234346fc18a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, астана
"Астанаэнергосбыт" төлемдерді қайта есептеуі мүмкін
15:25 09.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Тексеру барысында Кәсіпкерлік кодекс талаптарын бұзу фактілері анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Табиғи монополияларды реттеу комитеті "Астанаэнергосбыт" компаниясын тексерудің нәтижесін жариялады.
Бұл компанияға астаналық тұтынушылар тарапынан арыз-шағым түскен. Осыдан кейін комитеттің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Кәсіпкерлік кодекс талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, "Астанаэнергосбыт" компаниясы 2021 жылғы қараша-желтоқсан айларында және 2022 жылғы қаңтар айында тұтынушыларға Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес орташа тәуліктік есептеу бойынша көрсеткіштер шығарған.
Осы тәртіп энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 143 бұйрығымен бекітілген. Алайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, "Электр энергетикасы туралы" ҚР Заңы және Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеу коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.
Осылайша, компания бұйрыққа бағынамын деп, заңды бұзған.
"Компанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді комитет мамандары.
Сондай-ақ, "Астанаэнергосбыт" коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергияны қайта есептеуге міндеттелді.
Ал "Астанаэнергосбыт" компаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгініп, қарсы шағым түсірді.