https://sputnik.kz/20220309/aqtobe-auezhay-scat-ushaqtar-23389007.html
Ақтөбе әуежайы SCAT ұшақтарына қатысты оқиғаға түсініктеме берді
Ақтөбе әуежайы SCAT ұшақтарына қатысты оқиғаға түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Әуежай бүгінде зақымданған жолақтар шұғыл жөнделді деп сендірді 09.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-09T13:59+0500
2022-03-09T13:59+0500
2022-03-09T13:59+0500
әуежай
ұшақ
https://sputnik.kz/img/1399/59/13995997_0:97:1040:682_1920x0_80_0_0_1e5423d6f8c10d3852e1adb277aea519.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Актөбе әуежайының басшылығы ұшу-қону жолағының жөнделмеуі салдарынан SCAT ұшақтарына зақым келгенін растады.Бұған дейн бұқаралық ақпарат құралдарында "Ақтөбе – Нұр-Сұлтан" бағытындағы DV722 рейсі мен "Ақтөбе – Алматы" бағытында ұшқан DV712 рейсінің зақымдалғаны туралы ақпарат тараған болатын."Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, екі ұшаққа сан алуан зақым келген. Атап айтқанда, DV722 рейсінде оң жақ қозғалтқыш вентиляторының бес қалақшасы зақымдалған. Ал екінші ұшақта 3 доңғалақтың резеңкесі бүлінген.Оның айтуынша, жасанды ұшу-қону жолағын күнде тексеріп отырады және шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ толыққанды жөндеу шараларын өткізу үшін қолайлы ауа райы болуы қажет. Әзірге арматура шығып тұрған жерлер анықталған жоқ."Сосын жөндеу жұмыстарын жасағанда аэродром плиталарын толығымен ауыстыру қажет. Оған да дайындық керек. Биыл біз қажетті материалды сатып аламыз. Сондай-ақ кем дегенде 300 аэродром плитасы және басқа да қажетті құрылыс материалдары жеткізіледі. Негізі өткен жылдармен салыстырғанда жасанды ұшу-қону жолағы әжептәуір жақсарған", – деп атап өтті Малиев.Былтыр облыстық әкімдіктің қолдауымен аэродром жабындысының 8 мың метрі жөнделген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1399/59/13995997_0:0:1040:780_1920x0_80_0_0_9e7259b9ecd174a2e0b7080ed7353317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, ұшақ
Ақтөбе әуежайы SCAT ұшақтарына қатысты оқиғаға түсініктеме берді
Әуежай бүгінде зақымданған жолақтар шұғыл жөнделді деп сендірді
НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Актөбе әуежайының басшылығы ұшу-қону жолағының жөнделмеуі салдарынан SCAT ұшақтарына зақым келгенін растады.
Бұған дейн бұқаралық ақпарат құралдарында "Ақтөбе – Нұр-Сұлтан" бағытындағы DV722 рейсі мен "Ақтөбе – Алматы" бағытында ұшқан DV712 рейсінің зақымдалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
"Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай" АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, екі ұшаққа сан алуан зақым келген. Атап айтқанда, DV722 рейсінде оң жақ қозғалтқыш вентиляторының бес қалақшасы зақымдалған. Ал екінші ұшақта 3 доңғалақтың резеңкесі бүлінген.
"Бұның барлығы жасанды ұшу-қону жолағындағы ақаулықтардан болған. Оған нашар ауа райы әсер еткен. Бүгінде жолақтың барлық кемшілігі шұғыл түзетілді", – дейді Малиев.
Оның айтуынша, жасанды ұшу-қону жолағын күнде тексеріп отырады және шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ толыққанды жөндеу шараларын өткізу үшін қолайлы ауа райы болуы қажет. Әзірге арматура шығып тұрған жерлер анықталған жоқ.
"Сосын жөндеу жұмыстарын жасағанда аэродром плиталарын толығымен ауыстыру қажет. Оған да дайындық керек. Биыл біз қажетті материалды сатып аламыз. Сондай-ақ кем дегенде 300 аэродром плитасы және басқа да қажетті құрылыс материалдары жеткізіледі. Негізі өткен жылдармен салыстырғанда жасанды ұшу-қону жолағы әжептәуір жақсарған", – деп атап өтті Малиев.
Былтыр облыстық әкімдіктің қолдауымен аэродром жабындысының 8 мың метрі жөнделген.