Шамалғанның маңында жастар төбелесті: оқ атылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен ауылда жастар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 наурыз – Sputnik. Алматы облысында ауыл жастары топтасып төбелесті. Қатысушылардың бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.
Төбелес болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, онда автор құқық қорғау органдары іздеп жатқан күдіктілерге бағыттаманы да жариялады.
Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының маңында Үшқоңыр және Әйтей ауылдық округтерінен жиналған 30 адамдық топ өзара кім мықтыны анықтаған.
Жаппай төбелеске қатысушылар негізінен 20-30 жас аралығындағы жігіттер болып шықты.
Қақтығыс кезінде екі жақтан да атыс қаруы қолданылған деген ақпарат бар. Жергілікті тұрғындардың бірі бетінен жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жергілікті билік қақтығыстың себебін анықтап жатыр.
Қарасай ауданының әкімдігі тараған ақпаратты растады. Ведомство оқиға орнына арнайы жасақ күштері қосымша тартылғанын атап өтті.
"Әзірге қақтығысқа 30-ға жуық жас қатысқаны белгілі. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында құқық қорғау органдары оқиғаның барлық қатысушысы мен оның себебін анықтап жатыр", - деді Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің бас маманы Әлихан Қожекеев.
Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға орнынан әртүрлі калибрлі атыс қаруының гильзалары мен оқ-дәрілер және екі көлік табылған.
Жаңалықтар
0