Қоғам

Қыз-келіншектердің ерлерден артықшылығы неде - министр пікірі

© Sputnik / Тимур БатыршинБілім күні
Білім күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Аймағамбетов қыз балалар көбіне қай мамандықтарды таңдайтынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім беру жүйесіндегі әйелдердің маңызды рөлін атап өтті.
БҒМ мәліметі бойынша, Қазақстанда ғылым саласындағы қызметкерлердің жартысынан көбі (54%) – әйелдер.
"Мұғалім әйелдер туралы айтсам, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭДЫҰ) елдерімен салыстырғанда, Қазақстандағы білім беру жүйесінде феминизм (TALIS-2018) басым. Мұғалімдердің шамамен 80%-і – әйелдер", - деп жазды Аймағамбетов Telegram-арнасында.
ЭДЫҰ сарапшылары көп елде мұғалім-әйелдер осы кәсіпті игерген ер адамдарға қарағанда саналы түрде мамандық таңдайтынын айтты. Мысалы, қазақстандық әйел-мұғалімдердің 76%-і болашақ мамандықты таңдау кезінде педагог мамандығы басымдыққа ие болғанынын айтты, деді министр.
Ол Қазақстанда оқу сауаттылығы, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және математика бойынша қыздар ер жігіттерге қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсететінін айтты.
Аймағамбетов қыз балалар көбіне қай мамандықтарды таңдайтынын атап өтті:
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
өнер және гуманитарлық ғылымдар – 71%;
педагогикалық ғылымдар – 70%;
жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 68%.
Жаңалықтар
0