Спорт

Паралимпиада-2022: Қазақстан алғашқы медаль алды

© Photo : Национальный паралимпийский комитет КазахстанаҰлттық паралимпиада құрама командасының капитаны Александр Герлиц
Ұлттық паралимпиада құрама командасының капитаны Александр Герлиц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Бірінші орынға канадалық, екінші орынға украиналық спортшы иеленді
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ұлттық паралимпиада құрама командасының капитаны Александр Герлиц (класс LW6,) Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада-2022 алғашқы медалін жеңіп алды.
10 шақырым қашықтықтағы биатлонда Александр үшінші орынға ие болды, деп хабарлады Ұлттық паралимпиада комитеті.
Бірінші орынды канадалық Марк Арендз, екінші орынды украиналық Григорий Вовчинский алды.
Қазақстандық биатлоншыны президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңісімен құттықтады.
“Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!”, – делінген құттықтауында.
Жаңалықтар
0