Әлем

Лондон биржасында никель бағасы 100%-ке қымбаттады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуШахта, кеншілер
Шахта, кеншілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Жеткізу уақыты кешігуі мүмкін деген күдікке байланысты баға қарқынды түрде шарықтап барады
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз - Sputnik. Лондондағы металл биржасында (LME) никель құны 100%-тен жоғары көтерілді. Алғаш рет бір тоннасы үшін 100 мың доллар шегіндегі бағадан асты, деп хабарлайды РИА Новости.
Жеткізу уақыты кешігуі мүмкін деген күдікке байланысты баға қарқынды түрде шарықтап барады.
Блумберг агенттігі атап өткендей, алғаш рет никель 100 мың доллар бағасымен сатылып жатыр. Әлемдегі никельдің, сондай-ақ палладийдің ірі өндірушісі – Ресейде орналасқан "Норильский никель" тау-кен-металлургия компаниясы.
Бұған дейін РИА Новостиге хабарлағандай, "Финам" қаржы тобының сарапшысы Алексей Калачев Ресей "Норникель" арқылы әлемдегі никельдің 20%-і және палладийдің 40%-ін қамтамасыз етіп отыр.
Никельдің мұндай ірі жабдықтаушысының нарықтан кетуі еуропалық тот баспайтын болат өндірушілер үшін қиындық тудырса, палладий жеткізілуінің кешігуі еуропалық және америкалық автомобиль индустриясына әсерін тигізеді.
Жаңалықтар
0