Әлем

Батыс ресейлік мұнайдан бас тартпақ - баға қандай болуы мүмкін

© Sputnik / Виталий Карпов / Медиабанкке өтуМұнай өндірісі
Мұнай өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Ресей вице-премьері Александр Новак Ресейдің экспортын бағыттайтын жер бар деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Батыс елдерінің ресейлік мұнай мен газдан бас тартуы бүкіл әлемдік экономикаға кері әсерін тигізеді, деді Ресей вице-премьері Александр Новак.
Оның айтуынша, Ресей Еуропа елдерінің сенімді серіктесі болған және тұтынылатын газдың 40%-імен қамтамасыз еткен. Батыс елдеріне Ресей импортты алмастыру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын алға тартты, деп жазады РИА Новости.
Сондай-ақ, Ресей "Солтүстік ағын-1" арқылы газ жеткізуге эмбарго қоюы мүмкін екенін атап өтті. Бірақ әлі жасалған жоқ.
Батыс елдерінің Ресейден энергия ресурстарынан бас тарту туралы мәлімдемелері бағаның өсуіне әкеледі. Барреліне 300 долларға жетуі мүмкін.
Новактың сөзіне қарағанда, энергетика саясаттан тыс. Сондықтан Ресей мұнай жеткізудің максималды деңгейіне кепілдік береді.
Ол Ресей тарапы Украинадағы Запорожьедегі АЭС-ке шабуыл жасамады деп отыр.
Мединский рассказал, что планируется обсудить на переговорах с Украиной
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина-Ресей келіссөзінің үшінші раунды қалай аяқталды - видео
Жаңалықтар
0