Видео

Нұр-Сұлтанда әскери оркестр қыз-келіншектерді ерекше әдіспен құттықтады

Жазылу
Нұр-Сұлтанда "Хан шатыр" сауда орталығында әскери оркестр келушілерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі 8 наурыз мейрамына орай қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сауда орталығына келушілерге арнап әуезді музыка ойнады.
"Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери паториоттық орталығы сіздерді 8 наурызбен құттықтайды", - деді әскери қызметшілер.
Концерт сауда орталығына келушілердің көңіл-күйін көтерді. Соқпалы музыкалық аспаптарды белсенді қолдану арқылы танымал туындылардан попурри және джаз стиліндегі мелодиялар орындалды.
Жаңалықтар
0