Александр Герлиц Паралимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін 38 миллион теңге алады

© Photo : Пресс-служба Национального паралимпийского комитета Казахстана Александр Герлиц
Александр Герлиц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында Александр Герлиц Қазақстаннан алғашқы жүлдегер атанды
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Александр Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиадада қола жүлде жеңіп алғаны үшін мемлекеттен 75 мың доллар (38 миллион теңгеге жуық) алады.
Халықаралық спорт жарыстарындағы жүлделі орындар үшін ақшалай ынталандыру мөлшерін үкімет бекітеді.
Бірінші орынға 250 000 доллар, екінші орынға 150 000 доллар, үшінші орынға 75 000 доллар беріледі.
Парабиатлоншы Александр Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиаданың алғашқы жүлдегері атанды. Ол мемлекеттен 38 миллион теңгеге жуық қаражат алады.
Қазақстандық спортшыны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
"Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!", – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
Жаңалықтар
0