Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2022
Жазылу
Президент агенттік төрағасының бірінші орынбасары мен орынбасарын тағайындады
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады Ақорда.
Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Жаңалықтар
0