https://sputnik.kz/20220307/uqk-esirtki-tarkiledi-23355284.html
ҰҚК құны 114 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
ҰҚК құны 114 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
Sputnik Қазақстан
Жедел қызметкерлер заңсыз айналымнан алты килограмға жуық "мефедрон" және "α-PVP" синтетикалық есірткіні тәркілеген 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T12:10+0500
2022-03-07T12:10+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
есірткі
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_9eae581c8fe9b647b65d31f69a91eb12.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Бір аптаның ішінде Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері үш арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінгендерден 5,7 килограмм "мефедрон" және "α-PVP" синтетикалық есірткі тәркілеген. 23 ақпанда Ақтөбеде жүргізілген алғашқы операция кезінде екі азаматты тінту барысында 1,7 килограмм "мефедрон" және "α-PVP" тәркіленді. 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойына кезекті операция өтті. "Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдау бойынша күдікке ілінген азамат ұсталды. Тергеу әрекеті кезінде заңсыз айналымнан 1,2 килограмнан астам психотропты зат тәркіленді", - деп нақтылады Қазақстан ҰҚК-де. Алдын ала мәлімет бойынша тәркіленген есірктілердің заңсыз нарықтағы құны 114 миллион теңгеге бағаланып отыр. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі – "Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың баламаларын сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, оларды салып жіберу немесе сату" бойынша тергеу басталды. Ұсталғандар 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ақтөбе мен Өскемен қалаларының тергеу соты аталған азаматтарды қамауға алу бойынша шешім шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/25/1152571_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_8d35ea16b771e27de3d40a8479f07546.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, ұлттық қауіпсіздік комитеті
есірткі, ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК құны 114 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
12:10 07.03.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Жедел қызметкерлер заңсыз айналымнан алты килограмға жуық "мефедрон" және "α-PVP" синтетикалық есірткіні тәркілеген
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Бір аптаның ішінде Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері үш арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінгендерден 5,7 килограмм "мефедрон" және "α-PVP" синтетикалық есірткі тәркілеген.
23 ақпанда Ақтөбеде жүргізілген алғашқы операция кезінде екі азаматты тінту барысында 1,7 килограмм "мефедрон" және "α-PVP" тәркіленді.
"Осы жылдың 25 ақпанында есірткі таратумен айналысатын топтың тағы екі қатысушысы ұсталып, тінту кезінде 2,8 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесу бойына кезекті операция өтті.
"Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдау бойынша күдікке ілінген азамат ұсталды. Тергеу әрекеті кезінде заңсыз айналымнан 1,2 килограмнан астам психотропты зат тәркіленді", - деп нақтылады Қазақстан ҰҚК-де.
Алдын ала мәлімет бойынша тәркіленген есірктілердің заңсыз нарықтағы құны 114 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімі – "Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың баламаларын сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, оларды салып жіберу немесе сату" бойынша тергеу басталды.
Ұсталғандар 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақтөбе мен Өскемен қалаларының тергеу соты аталған азаматтарды қамауға алу бойынша шешім шығарды.