https://sputnik.kz/20220307/toqaev-ukraina-qazaqstandyq-23356748.html
Тоқаев Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысын жіті қадағалап отыр
Тоқаев Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысын жіті қадағалап отыр
Sputnik Қазақстан
Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T13:25+0500
2022-03-07T13:25+0500
2022-03-07T13:25+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23163864_0:55:3363:1947_1920x0_80_0_0_164660e7bf3ca37443ae32acc209ce73.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлады Берік Уәли."Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін президентке алғыс айтып жатыр", - деп жазды Уәли.Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Баспасөз хатшысының хабарлауынша, мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1c/23163864_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_ef1da85d6c03df0891f6b538b89eecfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысын жіті қадағалап отыр
Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлады Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін президентке алғыс айтып жатыр", - деп жазды Уәли.
Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.
Баспасөз хатшысының хабарлауынша, мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.