Қоғам

Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2022
Жазылу
Енді барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуге тиіс
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Енді барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуге тиіс. Президент әкімдердің халықпен кездесу өткізуі туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-каналы хабарлады.
"Енді барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізуі тиіс. Кездесулер кезінде әкімдер әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, азаматтарды Қазақстанды жаңғырту саясатының негізгі бағыттарынан хабардар етіп отырады", - делінген хабарламада.
Жарлыққа сәйкес:
Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіруі тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуін өткізуі керек.
Жарлықтың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Жаңалықтар
0