Өңірлер

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жолды жауып тастады

© Photo : пресс-служба ДЧС Алматыкөшкін
көшкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2022
Жазылу
Көшкін Катонқарағай ауданында "Согорное-Барлық" жергілікті жолының 16-шы шақырымында жүрді
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстанда күннің жылынуы мен қар аралас жаңбыр салдарынан қар көшкіні жүрді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті,
Қар көшкіні 6 наурыз күні сағат 18:40-та Катонқарағай ауданында "Согорное-Барлық" жергілікті жолының 16-шы шақырымында жүрді. 1250 текше метрді құраған көшкін жолды жауып тастады.
"Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмысын жедел ұйымдастырды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні қаупіне қатысты жіберлегін дабылды ескертуге назар аудару қажет екенін атап өтті. Мұндай кездері тауға шықпауды, қар көшкіні жүруі мүмкін аумақтағы жолдармен жүрмеуді еске салады.
Жаңалықтар
0