Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік осал топтағыларға азық-түлік себеті таратылады

© Photo : Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіНұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған бір мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған бір мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті тапсырылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2022
Жазылу
"Игі істер марафоны" аясында 500-ден астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Игі істер марафоны" аясында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері таратыла бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
6-8 наурыз аралығында "Игі істер марафоны" аясында 500-ден астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған.
Азық-түлік жиынтығына күнделікті қажетті өнімдер кіреді. Олардың арасында күнбағыс майы, ұн, күріш, жарма, қант, шай, макарон өнімдері, ет консервілері, кәмпиттер, балаларға арналған тәттілер бар. Көмек елорданың барлық төрт ауданында тұратын отбасыларға көрсетіледі.
"Қала әкімдігі демеушілермен бірлесіп, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Игі істер марафоны" қайырымдылық акциясын бастады. Біз барлық мұқтаж азаматтарға арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін үлестіре бастадық. Олардың арасында қарттар, I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар бар. Акция аясында 6-8 наурыз күндері 500-ден астам отбасыға көмектесуді жоспарлап отырмыз", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Мұндай шаралар наурыз айының соңына дейін жалғасады. Көмек демеушілер есебінен көрсетіледі.
Жаңалықтар
0