Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Луганскте жойқын жарылыс болды – видео

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуЛХР әскерилер
ЛХР әскерилер - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2022
Жазылу
Жарылыстан кейін мұнай базасында өрт басталды
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Луганск тұрғындары таңертең жойқын жарылыс дауысынан оянды. Жергілікті қарулы күштердің мәліметінше, мұнда мұнай базасы өртеніп жатыр.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы жетілер шамасында болған.
Жарылыстан кейін мұнай базасында өрт басталды.
ЛХР әскерилері жарылыстың бірнеше себебін болжады. Оның бірі - мұнай базасында Украина қарулы күштерінің "Точка У" ракетасының көмегімен жарылыс ұйымдастырылды. Екінші нұсқа- кәсіпорындағы диверсия немесе салғырттық салдары.
Жарылыс кезінде зардап шеккендер мен көз жұмғандар туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
0