Елордада бірнеше бағыттағы автобус қатынасы тоқтады
08:42 07.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023)
© Sputnik / СтрингерАвтобус

© Sputnik / Стрингер
Жазылу
Бұл жайында таңертең "City Transportation Systems" ЖШС мәлімет таратты
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын бірнеше бағдар бойынша автобус жүрмей қалды.
Бұл жайында таңертең "City Transportation Systems" ЖШС мәлімет таратты.
"Ауа райының нашарлауына және трассаның жабық болуына байланысты, қала маңына қатынайтын № 305, 306, 310, 311, 312, 315, 316, 318, 326 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, №302, 303, 320 бағдарлар "Лесная поляна" тұрғын үй аймағына кірмейді", - делінген хабарламада.
Басқа қала маңына қатынайтын автобустар жұмыс істеп тұр.