https://sputnik.kz/20220307/aqmola-oblysynda-kolik-apaty-23361677.html
Ақмола облысында жүзге жуық көлік жол апатына ұшырады - видео
Ақмола облысында жүзге жуық көлік жол апатына ұшырады - видео
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Алматы-Петропавл" тасжолында түсірілген видео тарап жатыр 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T19:56+0500
2022-03-07T19:56+0500
2022-03-07T19:56+0500
оқиға
жол апаты
көлік
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/26/10/261029_0:85:6016:3469_1920x0_80_0_0_30dd76b63edfefe1acbbe982225a65f3.jpg
КӨКШЕТАУ, 7 наурыз - Sputnik. Шортанды ауданында жол апаты болған учаскеде жүзге жуық көлік жиналды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеді. Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ақмола облысы полициясының хабарлауынша, 7 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты Алматы-Петропавл автожолының 21-ші шақырымында жаппай жол апаты болды. Боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдың бұл бөлігінде қозғалыс тоқтатылған болатын. "Апат салдарынан 100-ге жуық автокөлік жиналғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция ротасының экипаждары, Шортанды және Бурабай аудандарының полиция бөлімінің бастығы бастаған патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем көліктері мен арнайы техниканың өтуі қамтамасыз етілді. Толығырақ қосымша хабарлаймыз", - деді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.Ақмолалық полицейлер азаматтарға алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес берді. 112 қызметінің хабарламаларына бей-жай қарамауға шақырды.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/26/10/261029_364:0:5719:4016_1920x0_80_0_0_c7ebbeaf510b0780621139b08cc29cc9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, көлік, ақмола облысы
жол апаты, көлік, ақмола облысы
Ақмола облысында жүзге жуық көлік жол апатына ұшырады - видео
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Алматы-Петропавл" тасжолында түсірілген видео тарап жатыр
КӨКШЕТАУ, 7 наурыз - Sputnik. Шортанды ауданында жол апаты болған учаскеде жүзге жуық көлік жиналды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеді. Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақмола облысы полициясының хабарлауынша, 7 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты Алматы-Петропавл автожолының 21-ші шақырымында жаппай жол апаты болды. Боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдың бұл бөлігінде қозғалыс тоқтатылған болатын.
"Апат салдарынан 100-ге жуық автокөлік жиналғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция ротасының экипаждары, Шортанды және Бурабай аудандарының полиция бөлімінің бастығы бастаған патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем көліктері мен арнайы техниканың өтуі қамтамасыз етілді. Толығырақ қосымша хабарлаймыз", - деді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.
Ақмолалық полицейлер азаматтарға алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес берді. 112 қызметінің хабарламаларына бей-жай қарамауға шақырды.