https://sputnik.kz/20220307/antikor-qyzmetker-tergeu-23350676.html
Антикор қызметкеріне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
Антикор қызметкеріне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін күдікті ауруханада жатыр 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T11:19+0500
2022-03-07T11:19+0500
2023-08-09T12:43+0500
қоғам
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерінің заңсыз іс-әрекеттері фактісі бойынша қызметтік тергеу барысы жайлы түсініктеме берді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Жезқазған өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Д.Т. Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Д.Т. Күдекеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылуда. 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.Т. Кудикенов "Пневмония" диагнозымен ауруханада жатыр. Осыған байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Д.Т. Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Д.Т. Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Антикор қызметкеріне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты
11:19 07.03.2022 (жаңартылды: 12:43 09.08.2023) 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін күдікті ауруханада жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерінің заңсыз іс-әрекеттері фактісі бойынша қызметтік тергеу барысы жайлы түсініктеме берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Жезқазған өңірі бойынша ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Д.Т. Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізуде.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Д.Т. Күдекеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылуда.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.Т. Кудикенов "Пневмония" диагнозымен ауруханада жатыр.
Осыған байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Д.Т. Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды.
Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Д.Т. Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады.