https://sputnik.kz/20220307/akimdik-shokeev-shapan-23358881.html
Әкімдік Шөкеев киген шапанға қатысты қызу талқыланып жатқан видеоны түсіндірді
Әкімдік Шөкеев киген шапанға қатысты қызу талқыланып жатқан видеоны түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімінің орынбасары жұрт жағдайды мүлдем басқаша көрсетіп жатқанын айтты 07.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-07T15:39+0500
2022-03-07T15:39+0500
2022-03-07T15:53+0500
өңірлер
өмірзақ шөкеев
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15181952_0:0:2912:1639_1920x0_80_0_0_a9728bae08d9fbd916dab1376edb4f3d.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары Түркістан облысының әкімі Түркия вице-президентіне арналған шапанды кигенін айтып, видео бөлісіп жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев шапан киген видео жалған емес, өткен сенбі, 5 наурызда түсірілген.Бірақ Сәкен Қалқаманов жұрт жағдайды мүлдем басқаша көрсетіп жатқанын айтты."Видеода университет (Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті - ред.) басшылығы түрік тарапынан вице-президентті (Түркия Фуат Октай-ред.) қарсы алған кезде Түркістан облысы әкімінің де университетті дамытуға қосқан үлесін атап өтуге шешім қабылдады. Сондықтан әкімге шапан сыйлады. Бұл туралы облыс әкімінің аппараты да, облыс әкімінің өзі де білген жоқ", - деді Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында.Сондай-ақ, Қалқаманов өңірге сапармен келген Түркия вице-президентінің университет ректораты атынан марапатталғанын, оған да шапан берілгенін түсіндірді. Бірақ бұл сәт видеода көрсетілмеген."Өкініштісі, видео түсірген адам оны толық жүктемеді. Онда Мухиттин Шемшек мырза мұның не үшін жасалып жатқанын ұзақ уақыт түсіндірді. Бірақ бұл көрсетілмеген, шапан кигізу сәті ғана көрінген. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Әрине, әкімдік пен университет басшылығы тарапынан ешқандай қудалау болмайды. Бірақ видео қысқартылған форматта таратылмауы керек деп есептейміз", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.Ол әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығуын роликтің ресми түсініктемеге қарағанда әлдеқайда жылдам таралуымен түсіндірді."Университет ректоры Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі журналистердің сауалына жауап беруге тыйым салғанын айтты. Не үшін екені белгісіз. Сондықтан университеттің орнына мен жауап беріп отырмын", - деді Қалқаманов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15181952_181:0:2912:2048_1920x0_80_0_0_3efe553f60842da4280201dc6192f73d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өмірзақ шөкеев умирзак шукеев шапан видео түркістан облысы туркестанская область сәкен қалқаманов сакен калкаманов
өмірзақ шөкеев умирзак шукеев шапан видео түркістан облысы туркестанская область сәкен қалқаманов сакен калкаманов
Әкімдік Шөкеев киген шапанға қатысты қызу талқыланып жатқан видеоны түсіндірді
15:39 07.03.2022 (жаңартылды: 15:53 07.03.2022) Облыс әкімінің орынбасары жұрт жағдайды мүлдем басқаша көрсетіп жатқанын айтты
АЛМАТЫ, 7 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары Түркістан облысының әкімі Түркия вице-президентіне арналған шапанды кигенін айтып, видео бөлісіп жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев шапан киген видео жалған емес, өткен сенбі, 5 наурызда түсірілген.
Бірақ Сәкен Қалқаманов жұрт жағдайды мүлдем басқаша көрсетіп жатқанын айтты.
"Видеода университет (Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті - ред.) басшылығы түрік тарапынан вице-президентті (Түркия Фуат Октай-ред.) қарсы алған кезде Түркістан облысы әкімінің де университетті дамытуға қосқан үлесін атап өтуге шешім қабылдады. Сондықтан әкімге шапан сыйлады. Бұл туралы облыс әкімінің аппараты да, облыс әкімінің өзі де білген жоқ", - деді Қалқаманов өзінің
Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, Қалқаманов өңірге сапармен келген Түркия вице-президентінің университет ректораты атынан марапатталғанын, оған да шапан берілгенін түсіндірді. Бірақ бұл сәт видеода көрсетілмеген.
"Өкініштісі, видео түсірген адам оны толық жүктемеді. Онда Мухиттин Шемшек мырза мұның не үшін жасалып жатқанын ұзақ уақыт түсіндірді. Бірақ бұл көрсетілмеген, шапан кигізу сәті ғана көрінген. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Әрине, әкімдік пен университет басшылығы тарапынан ешқандай қудалау болмайды. Бірақ видео қысқартылған форматта таратылмауы керек деп есептейміз", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Ол әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығуын роликтің ресми түсініктемеге қарағанда әлдеқайда жылдам таралуымен түсіндірді.
"Университет ректоры Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі журналистердің сауалына жауап беруге тыйым салғанын айтты. Не үшін екені белгісіз. Сондықтан университеттің орнына мен жауап беріп отырмын", - деді Қалқаманов.