Күніне неше қадам жүру керек – ғылыми зерттеу жарияланды

Жазылу
60 жасқа толмаған адамдар денсаулықты сақтау үшін күн сайын 8-12 мың қадамды артқа тастау керек
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Массачусетс университетінің ғалымдары өмірді ұзарту үшін күніне неше қадам жүру керектігін айтты. Ғылыми зерттеудің нәтижесі Lancet Public Health журналында жарияланды.
Мамандар әр түрлі елдерде 18 жастан асқан 50 мың адамды төрт топқа бөліп бақылаған. Бірінші топқа кіргендендер күніне 3,5 мың қадам жасаса, екінші топ – 5,8 мың, үшінші топ – 7,8 мың, ал төртінші топтың өкілдері күн сайын 10,9 мың қадам жүрген.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, соңғы үш топта біріншісімен салыстырғанда өлім қаупі 40-53 процентке төмен болған. Себебі белсенділік деңгейі жоғары.
Бұдан бөлек, ғалымдар 60 жастан асқан адамдарға күніне 6-8 мың қадам жүру керектігін анықтады. Сонда өлім қаупі біртіндеп төмендейді. Ал 60 жастан кіші адамдарға денсаулық пен физикалық форманы ұстап тұру үшін күн сайын 8-12 мың қадамды артқа тастау керек. Жаяу жүрудің қарқыны маңызды емес.
 Алматинцы тренируются на спортивных площадках вдоль русел городских рек - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2020
Әлем
Өзбекстанда жаяу жүргендерге 50 проценттік жеңілдік беріледі
Жаңалықтар
0