Қоғам

Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалған қатардағы жауынгер іздестіріліп жатыр

© Photo : Погранслужба КНБ Казахстанашекарашылар, архив
шекарашылар, архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жоғалып кеткен әскери қызметшіні іздестіріп жатыр.
ҰҚК ақпаратына сәйкес, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішев "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген. Ол 2 наурызда жоғалып кеткен.
Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі мен полиция департаментінің күштері жұмылдырылды.
Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бердішевке қатысты қандай да бір ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауды сұрайды:
– 110 (ҰҚК сенім телефоны),
– 8 71 72 71 94 58 (Шекара қызметінің сенім телефоны) .
Жаңалықтар
0