https://sputnik.kz/20220306/visa-mastercard-sber-karta-23348907.html
Visa және Mastercard-тың тоқтатылуы қазақстандық "Сбердің" карталарына әсер етті ме?
Visa және Mastercard-тың тоқтатылуы қазақстандық "Сбердің" карталарына әсер етті ме?
Sputnik Қазақстан
Барлық операция толық көлемде қолжетімді 06.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-06T17:36+0500
2022-03-06T17:36+0500
2022-03-06T17:38+0500
банк
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15085789_0:0:3111:1751_1920x0_80_0_0_e126de208f4d8c149fa663589b28492e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстандық "Сбер" Visa және Mastercard-тың Ресейдегі қызметінің тоқтатылуы банк карталарының жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді.Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі ресейлік "Сбер" немесе банктің басқа филиалдарында (Қырғызстан мен Беларусь) шығарылған картамен Қазақстандағы "Сбердің" бөлімшелері мен банкоматтарында ақша алуға бола ма деп сұрады. Банк мамандары шетелдік карталарға да қызмет көрсетілетінін жеткізді."Біздің банкіміз барлық қызметті штаттық режимде көрсетіп жатыр. Соның ішінде шетелдік карталарға қызмет көрсету де бар", - дейді олар.Айта кетері, жексенбі күні Visa мен Mastercard халықаралық жүйелері Ресейдегі операцияларды тоқтататынын мәлімдеді. Дегенмен ресейлік банктерде шығарылған Visa және Mastercard карталары мерзімі аяқталғанша жұмыс істей береді. Барлық операция Ресейдің ұлттық төлем карталары жүйесінде өңделеді. Бірақ трансшекаралық операциялар мен шетелдегі интернет-дүкендердегі операциялар қолжетімсіз болады.
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15085789_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_4dff87548ff2e3c73f73baf8a3bfa3d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, ресей, қазақстан
Visa және Mastercard-тың тоқтатылуы қазақстандық "Сбердің" карталарына әсер етті ме?
17:36 06.03.2022 (жаңартылды: 17:38 06.03.2022) Барлық операция толық көлемде қолжетімді
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстандық "Сбер" Visa және Mastercard-тың Ресейдегі қызметінің тоқтатылуы банк карталарының жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді.
"Қазақстан СберБанкінің" Visa және Mastercard картасын ұстаушылар үшін бұрынғыдай барлық операция толық көлемде қолжетімді", - деді банк мамандары.
Осы орайда
Sputnik Қазақстан тілшісі ресейлік "Сбер" немесе банктің басқа филиалдарында (Қырғызстан мен Беларусь) шығарылған картамен Қазақстандағы "Сбердің" бөлімшелері мен банкоматтарында ақша алуға бола ма деп сұрады. Банк мамандары шетелдік карталарға да қызмет көрсетілетінін жеткізді.
"Біздің банкіміз барлық қызметті штаттық режимде көрсетіп жатыр. Соның ішінде шетелдік карталарға қызмет көрсету де бар", - дейді олар.
Айта кетері, жексенбі күні Visa мен Mastercard халықаралық жүйелері Ресейдегі операцияларды тоқтататынын мәлімдеді. Дегенмен ресейлік банктерде шығарылған Visa және Mastercard карталары мерзімі аяқталғанша жұмыс істей береді. Барлық операция Ресейдің ұлттық төлем карталары жүйесінде өңделеді. Бірақ трансшекаралық операциялар мен шетелдегі интернет-дүкендердегі операциялар қолжетімсіз болады.