https://sputnik.kz/20220306/qazaqstan-zhylyzhaylar-zhabylu-aldynda-tur-23343153.html
Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайлар жабылу алдында тұр
Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайлар жабылу алдында тұр
Sputnik Қазақстан
Көрші елдерден әкелінетін жеміс-жидек пен көкөніс жергілікті өнімдерден әлдеқайда арзан 06.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-06T11:49+0500
2022-03-06T11:49+0500
2022-03-06T11:49+0500
өңірлер
көкөністер
жеміс-жидек
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15021765_4:0:3595:2020_1920x0_80_0_0_dda3ddd549cbaceab37a7171f57547d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайлар көмір, жарық пен газ тарифтерінің жоғары болуына байланысты банкротқа ұшырап, жабылу алдында тұр.Шаруалар "Хабар 24" телеарнасына мәлімдегендей, олар көрші елдердегі әріптестерімен енді бәсекелесе алмайды. Өйткені отандық көкөністің өзіндік құны импорттық өнімнен үш есе жоғары. Соның салдарынан Қазақстан нарығын толтырған импорттық қиярлар мен қызанақтар жергілікті көкөніске қарағанда әжептәуір арзанға сатылады.Шаруалар көрші елдерде коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын Қазақстанмен салыстырғанда төмен екенін айтты.Жылыжай және бағбандар қауымдастығы кейбір шаруашылықтар жабылу алдында тұрғанын мәлімдеді. Аграрийлер мемлекеттің субсидиясына қатты мұқтаж екенін айтып отыр."Газдың мың текше метрі Түрікменстанда 45 теңге, ал бізде 37 мың теңге тұрады. Бізде коммуналдық қызметтер қымбат: газ өте қымбат, электр энергиясы қымбат. Соның кесірінен жылыжайлар шығынының 45%-ін энергия шығындары құрайды", - деді қауымдастық төрағасы Мырзахмет Снабаев.Коммуналдық тарифтердің қымбаттығынан кейбір жылыжайлар жылдың суық мезгілінде жұмысты уақытша тоқтатып, жұмысшыларын босатуды жөн көрген. Енді олар өнімді тек бір-ақ рет жинай алады.Жылыжайлардың жұмысшылары Қазақстан президентіне ашық хат жазды. Оған мыңнан астам адам қол қойған. Олар мемлекет басшысынан жағдайға араласып, коммуналдық қызметтерге субсидия бөлу мәселесін қарастыруды өтінді.
https://sputnik.kz/20220222/kartop-qazaqstan-shekteu-22994963.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15021765_484:0:3177:2020_1920x0_80_0_0_f3a4e65eedae7041430bf2a7cdf47f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкөністер, жеміс-жидек
Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайлар жабылу алдында тұр
Көрші елдерден әкелінетін жеміс-жидек пен көкөніс жергілікті өнімдерден әлдеқайда арзан
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігінде жылыжайлар көмір, жарық пен газ тарифтерінің жоғары болуына байланысты банкротқа ұшырап, жабылу алдында тұр.
Шаруалар
"Хабар 24" телеарнасына мәлімдегендей, олар көрші елдердегі әріптестерімен енді бәсекелесе алмайды. Өйткені отандық көкөністің өзіндік құны импорттық өнімнен үш есе жоғары. Соның салдарынан Қазақстан нарығын толтырған импорттық қиярлар мен қызанақтар жергілікті көкөніске қарағанда әжептәуір арзанға сатылады.
Шаруалар көрші елдерде коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын Қазақстанмен салыстырғанда төмен екенін айтты.
"Біз өз өнімімізді сата алмаймыз, неге? Өйткені, мен, мысалы бүгін жылыжайда қиярды 500 теңгеге сатып алдым. Мен оны базарға апарамын, ал базарға ташкенттік қиярлар келген, олар 450 теңге тұрады", - деп түсіндірді сатушы Фатима Әлімжанова.
Жылыжай және бағбандар қауымдастығы кейбір шаруашылықтар жабылу алдында тұрғанын мәлімдеді. Аграрийлер мемлекеттің субсидиясына қатты мұқтаж екенін айтып отыр.
"Газдың мың текше метрі Түрікменстанда 45 теңге, ал бізде 37 мың теңге тұрады. Бізде коммуналдық қызметтер қымбат: газ өте қымбат, электр энергиясы қымбат. Соның кесірінен жылыжайлар шығынының 45%-ін энергия шығындары құрайды", - деді қауымдастық төрағасы Мырзахмет Снабаев.
Коммуналдық тарифтердің қымбаттығынан кейбір жылыжайлар жылдың суық мезгілінде жұмысты уақытша тоқтатып, жұмысшыларын босатуды жөн көрген. Енді олар өнімді тек бір-ақ рет жинай алады.
Жылыжайлардың жұмысшылары Қазақстан президентіне ашық хат жазды. Оған мыңнан астам адам қол қойған. Олар мемлекет басшысынан жағдайға араласып, коммуналдық қызметтерге субсидия бөлу мәселесін қарастыруды өтінді.