https://sputnik.kz/20220306/politsiya-qazaqstan-kolikter-z-belgisi-23341659.html
Полиция Қазақстанда көліктерге неге "Z" белгісін жапсыруға болмайтынын түсіндірді
Полиция Қазақстанда көліктерге неге "Z" белгісін жапсыруға болмайтынын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ресейлік автокөлік иелері Украинада әскери операция басталғаннан кейін өз көлігіне "Z" белгісін жапсыра бастаған 06.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-06T10:13+0500
2022-03-06T10:13+0500
2022-03-06T10:13+0500
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/03/06/23338856_0:317:3079:2048_1920x0_80_0_0_bcf299e6c20ea379f66e57cbce5c3895.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. "Z" және "V" белгілерін көлігіне жапсырған қазақстандық жүргізушілер полиция учаскесіне жеткізілуі мүмкін."Отырар" басылымының ақпаратынша, Шымкентте жүргізушіге 5 АЕК (15 315 теңге) айыппұл салынған. Ол "Z" белгісін автокөлігінің артқы әйнегіне жапсырып алыпты. Ал бұл "Көлікті пайдалану ережелерін бұзу" 590-бабы 5-тармағына қайшы келеді. Бұл бап бойынша бекітілген талаптарға сай келмейтін көлікті жүргізуге болмайды.Атап айтқанда, жүргізуші орнынан жолды көру мүмкіндігін шектейтін қосымша заттарды көлікке орнатуға тыйым салынады.Бұған дейін БАҚ "Z" жапсырмасы бар автокөліктер Орал мен Алматыда байқалғанын хабарлаған еді. Алайда жергілікті жүргізушілерге айыппұл салынғаны туралы ештеңе айтылмады.Батыс Қазақстан облысының полициясы "Уральская неделя" басылымына хабарлағандай, "Z" және "V" латын әріптері жапсырылған көліктер табылған жағдайда, жүргізушілер мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізіледі.Мұндай жүргізушілерді тоқтату сәті видеоға жазылады.БАҚ ақпаратынша, ресейлік автокөлік иелері Украинада әскери операция басталғаннан кейін өз көлігіне "Z" белгісін жапсыра бастаған. Дәл осындай белгі операцияға қатысып жатқан Ресейдің әскери техникаларында да бар. Кейінірек Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл әріптердің мағынасын түсіндірді: "Z" – "Жеңіс үшін", V - "Күшіміз шындықта", "Міндет орындалады".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/06/23338856_135:0:2866:2048_1920x0_80_0_0_ebc0a138b75f88015ecb9e3645f0587f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Полиция Қазақстанда көліктерге неге "Z" белгісін жапсыруға болмайтынын түсіндірді
Ресейлік автокөлік иелері Украинада әскери операция басталғаннан кейін өз көлігіне "Z" белгісін жапсыра бастаған
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. "Z" және "V" белгілерін көлігіне жапсырған қазақстандық жүргізушілер полиция учаскесіне жеткізілуі мүмкін.
"Отырар" басылымының ақпаратынша, Шымкентте жүргізушіге 5 АЕК (15 315 теңге) айыппұл салынған. Ол "Z" белгісін автокөлігінің артқы әйнегіне жапсырып алыпты. Ал бұл "Көлікті пайдалану ережелерін бұзу" 590-бабы 5-тармағына қайшы келеді. Бұл бап бойынша бекітілген талаптарға сай келмейтін көлікті жүргізуге болмайды.
Атап айтқанда, жүргізуші орнынан жолды көру мүмкіндігін шектейтін қосымша заттарды көлікке орнатуға тыйым салынады.
Бұған дейін БАҚ "Z" жапсырмасы бар автокөліктер Орал мен Алматыда байқалғанын хабарлаған еді. Алайда жергілікті жүргізушілерге айыппұл салынғаны туралы ештеңе айтылмады.
Батыс Қазақстан облысының полициясы
"Уральская неделя" басылымына хабарлағандай, "Z" және "V" латын әріптері жапсырылған көліктер табылған жағдайда, жүргізушілер мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізіледі.
Мұндай жүргізушілерді тоқтату сәті видеоға жазылады.
БАҚ ақпаратынша, ресейлік автокөлік иелері Украинада әскери операция басталғаннан кейін өз көлігіне "Z" белгісін жапсыра бастаған. Дәл осындай белгі операцияға қатысып жатқан Ресейдің әскери техникаларында да бар. Кейінірек Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл әріптердің мағынасын түсіндірді: "Z" – "Жеңіс үшін", V - "Күшіміз шындықта", "Міндет орындалады".