Өңірлер

Павлодарда жастар көше тазалаушы әйелдердің орнына жұмысқа шықты

© Sputnik / Абзал Калиевқар тазалап жүрген әйел
қар тазалап жүрген әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Павлодарда "Jas Otan" жастар қанаты көше тазалаушы әйелдерді мерекемен ерекше құттықтады, деп хабарлайды astanatv.kz.
Жастар әйелдерді тек құттықтап қана қоймай, бір күндік демалыс берді. Өздері олардың орнына жұмысқа шығып, көше тазалады. Бұл қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан тынбай еңбек ететін жандарды қуантып тастады. Әйелдерді мерекемен құттықтауға 5512 әскери бөлімінің сарбаздары да келді.
"Біз үшін күтпеген тосын сый болды. Бүгін әдеттегідей жұмыс істеуге келгенбіз. Енді үйге қайтатын болдық. Жылына бір рет бұндай сый жасау өте керемет! Жастарға рахмет айтамын", - дейді көше тазалаушы Айман Асанова.
"Біз, жастар аналарымызды, әпкелерімізді, ару жандарды қадірлеуіміз керек. Олар бізді өмірге әкелетін жандар. Наурыз айының керемет мерекесі - халықаралық әйелдер күнін біздің қаламыздың тазалығын сақтайтын әйел жандардан бастадық", - дейді "jas otan" жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова.
Жаңалықтар
0