https://sputnik.kz/20220306/pavlodar-turgyn-uy-uyindi-23342694.html
Павлодарда тұрғын үй қақ жарылды: тұрғындар үйінді астында қалудан қорқып отыр
Павлодарда тұрғын үй қақ жарылды: тұрғындар үйінді астында қалудан қорқып отыр
Sputnik Қазақстан
Пәтер иелері кооперативі қабырғаларды жөндеу жұмысы олардың міндетіне жатпайтынын алға тартты 06.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-06T11:28+0500
2022-03-06T11:28+0500
2022-03-06T11:48+0500
өңірлер
павлодар
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Павлодарда көп қабатты үйдің тұрғындары үй құлауы мүмкін деп дабыл қақты. Кіреберістер арасында терең жарық пайда болған. Ішіндегі температура көшегеге жақындады, салдарынан пәтерлерде ылғалдылық пайда болған. Алайда пәтер иелері кооперативі қабырғаларды жөндеу жұмысы олардың міндетіне жатпайтынын алға тартты.Елена Шестакова бұл үйде бес жылдан астам уақыт тұрады. Ол ғимаратқа жарты ғасыр болса да, бұған дейін еш мәселе туындамағанын айтады. Шағын жарықтарды тұрғындар өз күшімен жөндеген. Бірақ биыл олардың бірі терең жарыққа айналды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Суық пен ылғалдылыққа байланысты пәтерлер көгере бастаған.Тұрғындар ерте ме, кеш пе түбінде үй құлайды деп қорқып отыр. Жөндеу бригадасы жұмысты 167 мың теңгеге бағалады. Зейнеткерлер үшін бұл қомақты сома. Сондай-ақ, жөндейтін адамдар жарықтың қайта пайда болмасына кепілдік бере алмайды. Пәтер иелері кооперативі де бұл шығынды өз мойнына алудан бас тартқан.Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жақында бұл үйді көруге уәде етті. Бірақ баспананың апат дәрежесін анықтау үшін тұрғындар төлем жасайтынын ескертті. Сараптаманы мамандандырылған аккредиттелген ұйымдар жүргізеді.Сараптамаға және барлық құжатты ресімдеуге бірнеше ай, тіпті жылдар кетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар жарықты жауып, пәтерлерді жылытып отыр.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, тұрғын үй
Павлодарда тұрғын үй қақ жарылды: тұрғындар үйінді астында қалудан қорқып отыр
11:28 06.03.2022 (жаңартылды: 11:48 06.03.2022) Пәтер иелері кооперативі қабырғаларды жөндеу жұмысы олардың міндетіне жатпайтынын алға тартты
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Павлодарда көп қабатты үйдің тұрғындары үй құлауы мүмкін деп дабыл қақты. Кіреберістер арасында терең жарық пайда болған. Ішіндегі температура көшегеге жақындады, салдарынан пәтерлерде ылғалдылық пайда болған.
Алайда пәтер иелері кооперативі қабырғаларды жөндеу жұмысы олардың міндетіне жатпайтынын алға тартты.
Елена Шестакова бұл үйде бес жылдан астам уақыт тұрады. Ол ғимаратқа жарты ғасыр болса да, бұған дейін еш мәселе туындамағанын айтады. Шағын жарықтарды тұрғындар өз күшімен жөндеген. Бірақ биыл олардың бірі терең жарыққа айналды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Суық пен ылғалдылыққа байланысты пәтерлер көгере бастаған.
Тұрғындар ерте ме, кеш пе түбінде үй құлайды деп қорқып отыр.
Жөндеу бригадасы жұмысты 167 мың теңгеге бағалады. Зейнеткерлер үшін бұл қомақты сома. Сондай-ақ, жөндейтін адамдар жарықтың қайта пайда болмасына кепілдік бере алмайды. Пәтер иелері кооперативі де бұл шығынды өз мойнына алудан бас тартқан.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жақында бұл үйді көруге уәде етті. Бірақ баспананың апат дәрежесін анықтау үшін тұрғындар төлем жасайтынын ескертті. Сараптаманы мамандандырылған аккредиттелген ұйымдар жүргізеді.
Сараптамаға және барлық құжатты ресімдеуге бірнеше ай, тіпті жылдар кетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар жарықты жауып, пәтерлерді жылытып отыр.