Өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтарға қандай төлемдер төленеді

© Sputnik / Абзал Калиевтеңге
теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
Қала билігі үйі өртеніп кеткен, көмір сатып алуға немесе оқу ақысын төлеуге ақшасы жоқ тұрғындарға қаржылай көмек көрсете алады
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының билігі өмірлік қиын жағдайда қалған кейбір тұрғындарға ақшалай көмек көрсетеді.
2022 жылы көмек мөлшері қанша болатынын толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Мәслихат бекіткен ережелерге сәйкес, адамды өмірлік қиын жағдайда қалды деп санаудың бірнеше негізі бар.
Мысалы, азамат немесе оның мүлігі табиғи апаттен не өрттен зардап шексе. Немесе адам әлеуметтік мәні бар ауруға (мәселен, туберкулез) шалдықса, я табысы төмен болса.

Егер өрт шықса

Табиғи апаттан немесе өрттен зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлем қарастырылған:
егер жалғыз баспанасы жанып кетсе – отбасына 65 АЕК (2022 жылы 199 мың теңге шамасында);
егер отбасы мүшелерінің біреуі көз жұмса, марқұмға – 15 АЕК (46 мың теңгеге жуық).

Ауырған жағдайда

Туберкулез, қатерлі ісік немесе ВИЧ-ке шалдыққан астаналықтарға да әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Туберкулезбен ауыратын, есепте тұрған және амбулаторлық жағдайда ем қабылдайтын науқасқа ай сайын 10 АЕК (30 630 теңге) төленеді.
ВИЧ, қатерлі ісікке шалдыққан 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 25 АЕК (76 575 теңге) көзделген.
18 жасқа толған, ВИЧ-пен ауыратын адамдар тоқсан сайын (яғни үш айда бір) 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде ақшалай төлем алады.

Ем және демалыс

Әлеуметтік көмекті басқа санаттағы азаматтар да алуға құқылы. Мысалы, ардагерлер, мүгедектер, зейнеткерлер, тұрмысы төмен және көпбалалы аналар, мүгедек баласы бар отбасыларға тісті тегін протездеу көмегі көрсетіледі.
Ардагерлер мен саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары жылына бір рет шипажайға барып екі апта тегін демала алады.
Зейнеткерлер де жолдама құнының 35%-ін төлеп, шипажайда емделе алады. Ең төмен зейнетақы (2022 жылы 46 302 теңге) алатын еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер жолдама құнының 25%-ін төлейді.
Ардагерлерге (және оған теңестірілгендерге) тегін дәрі-дәрмек беріледі, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі, концерттер мен матчтарға билет береді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандарға да коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі.
Пәтерде тұратын ардагерлерге ай сайынғы төлемдер қарастырылған. Оның мөлшері баспана аумағына байланысты:
35 шаршы метрге дейін – 1 АЕК (3 063 теңге);
35-тен 50 шаршы метрге дейін – 6 АЕК (18 378 теңге);
50-ден 80 шаршы метрге дейін – 7 АЕК (21 441 теңге);
80 шаршы метрден көп – 8 АЕК (24 504 теңге);
Жер үйлерде тұратын ардагерлерге ай сайын 5 АЕК (15 315 теңге) төленеді. Басқа мемлекеттерде соғысқан, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер немесе 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар үшін ай сайынғы төлем 2,4 АЕК-ті (7 351 теңге) құрайды. Ардагерлердің жесірі 4,4 АЕК (13 477 теңге) ақшалай төлем алады.

Оқу ақысы төленеді

Сонымен қатар, мемлекет кейбір елордалықтарға жоғары оқу орнында оқу ақысын төлеуге жәрдемдеседі.
Егер жергілікті мектеп түлегінің жан басына шаққандағы орташа табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (144 072 теңге) аспаса және ол мына санаттарға жатса, билік көмек көрсетеді:
жетім балалар;
балалар үйлерінің түлектері;
бала кезінен мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көпбалалы отбасылардың балалары.

Көмір және газбен көмек

Бұған қоса, тұрғын үйді газдандыруға және көмір сатып алуға әлеуметтік көмек көзделген.
16 АЕК мөлшерінде (49 мың теңгедей) өтемақыны:
жасына байланысты зейнетке шыққандар;
мүгедектер;
мүгедек балалар;
әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратындар;
көпбалалы аналар;
көпбалалы отбасылар алады.
Көмек алу үшін пешпен жылытылатын жер үйде тұру қажет. Сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табыс 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (144 072 теңге) аспауы шарт.
Тұрғын үйді газдандыру көмегі зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға көрсетіледі. Олардың да табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (144 072 теңге) аспауға тиіс. Бұл жағдайда әлеуметтік көмек мөлшері 90 АЕК-тен (275 670 теңге) аспайды.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2022
Қоғам
Биыл елордалықтар мереке күндеріне қандай ақшалай төлем алады
Жаңалықтар
0