Денсаулық

Коронавирус індеті: 49 науқастың жағдайы өте ауыр

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEкоронавирус
коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
Өткен тәулікте 171 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 14 613 адам коронавирус инфекциясынан (13 501 КВИ+ және 1 112 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 1 541 пациент стационарда, 13 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
113 адамның жағдайы ауыр,
49 науқастың жағдайы өте ауыр,
35 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Республика бойынша өткен тәулікте 171 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 14
Алматы қаласы - 52
Шымкент қаласы - 8
Ақмола облысы - 6
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 9
Шығыс Қазақстан облысы - 6
Жамбыл облысы - 5
Батыс Қазақстан облысы - 5
Қарағанды облысы - 6
Қостанай облысы - 18
Павлодар облысы - 9
Солтүстік Қазақстан облысы - 31
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 1 303 707.
Жаңалықтар
0