Қазақстанның ішкі істер органдарында 11 мыңнан астам әйел қызмет етеді
09:32 06.03.2022 (жаңартылды: 10:12 09.08.2023)
© Photo : polisia.kzҚазақстанның ішкі істер органдарында 11 мыңнан астам әйел қызмет етеді
© Photo : polisia.kz
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ішкі істер саласының қыз-келіншектері марапатталды. Қоғам мен бесік тыныштығына қатар жауапты мамандарға ішкі істер министрі Марат Ахметжанов алғыс хат пен медаль, төсбелгі табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінде ерлермен бірге иық тіресе ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланда 11 мыңнан аса әйел еңбек етіп жүр, 600-і басшылық лауазымды атқарады.
Бүгінде ерлермен бірге иық тіресе ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланда 11 мыңнан аса әйел еңбек етіп жүр, 600-і басшылық лауазымды атқарады.
“Қымбатты ханымдар! Сіздерді көктемнің мерекесі – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам бақыттың, қуаныштың, бүкіл халықтың көктем мерекесі болып табылады. Біздің қатарымызда қайсар қыздар көп. Бойларыңыздан әрқашан ақыл мен парасат, сұлулық пен сымбат табыла берсін. Зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін”, – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Еңбегі еленгендер ел игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуге ант берді.
“Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі бұл – әрбір ана үшін, қыз-келіншектер үшін өте бір жылы мереке. Бұл мерекеде, мінекей, ішкі істер органдарының басшылығы марапаттау шарасын өткізіп жатыр. Біздің еңбегіміз бағаланып жатыр. Тәуелсіз еліміз үшін әр салада қызмет етіп жатқан нәзік жандылар үшін еңбегінің жемісін көру қуаныш деп ойлаймын”, – деді ҚАЖК қызметкері Алма Жүзбаева.