Атырау облысында 40 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
© Photo : Pixabay / Pavlofoxмайшам
© Photo : Pixabay / Pavlofox
Жазылу
5 наурыз түнгі сағат 03:10-да қатты жел болып, салдарынан электрмен жабдықтау апаттық жағдайда өшірілді
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 40 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
5 наурыз түнгі сағат 03:10-да қатты жел болып, салдарынан электрмен жабдықтау апаттық жағдайда өшірілді. Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшово ауылдарына жарық өшті.
Жарықсыз қалған абоненттердің жалпы саны 52 907 құрады.
"Атырау-Жарық" компаниясының авариялық бригадалары жұмысқа кірісті. Нәтижесінде 6 наурыз сағат 11.30-да жарық Орлы, Шортанбай және ішінара Құрманғазы ауылы тұрғындарына берілді.
"Қалған елді мекендерге (абоненттер саны 38 333) жарық қосылмады. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жалғасып", - деп хабарлады департамент.