Елорда тынысы

Биыл апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасы көшіріледі - Көлгінов

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Биыл елордада апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасын көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
"Биыл апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Соңғы үш жылда тозығы жеткен үйлерден 700-ге жуық отбасын көшірдік", - деп жазды Көлгінов Instagram-парақшасында.
Оның айтуынша, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешендерін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікпен берілетін әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатыр.
"Апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Тағы 13 отбасын қабылдадым, ал жыл басынан бері – 60 отбасы. Кездесу барысында әлеуметтік бағыттарға қатысты негізгі проблемалар да, сол сияқты шешімін талап ететін нақты мәселелер де көтеріледі: жұмысқа орналастыру, жобаларды іске асыру бойынша көмек көрсету және т.б", - деді елорда әкімі.
Касым-Жомарт Токаев и Алтай Кульгинов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Елорда тынысы
Көлгінов президентке биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынатынын айтты
Жаңалықтар
0