https://sputnik.kz/20220305/zhambyl-oblysy-bala-poyyz-23328202.html
Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсті
Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсті
Sputnik Қазақстан
Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы теміржолға жақын маңда тұрады 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T16:39+0500
2022-03-05T16:39+0500
2022-03-05T16:39+0500
оқиға
пойыз
бала
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_fa8a7fc3ea6f2d007e6b599639f174e4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы Мойынты станциясында екі жасар бала теміржолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" компаниясы. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 4 наурызда кешкі сағат 17:52-де болған.Мойынты станциясында бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, теміржолдың қауіпті аумағына жүгіріп шыққан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз тоқтап үлгермеген. Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды. Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы теміржолға жақын маңда тұрады."Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баланың қазасына байланысты ата-анасына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.
https://sputnik.kz/20210610/116-mln-tenge-poyiz-kyz-tonau-17307625.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/657/15/6571559_50:0:1383:1000_1920x0_80_0_0_236aa28a5ccc480d04346d11bfdfe765.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, бала, жамбыл облысы
пойыз, бала, жамбыл облысы
Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсті
Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы теміржолға жақын маңда тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы Мойынты станциясында екі жасар бала теміржолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" компаниясы.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 4 наурызда кешкі сағат 17:52-де болған.
Мойынты станциясында бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, теміржолдың қауіпті аумағына жүгіріп шыққан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз тоқтап үлгермеген. Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, отбасы теміржолға жақын маңда тұрады.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баланың қазасына байланысты ата-анасына көңіл айтты.
Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.