https://sputnik.kz/20220305/ulybritaniya-qazaqstan-qarsy-sanktsiya-23319542.html
Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салмайды – СІМ
Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салмайды – СІМ
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T11:41+0500
2022-03-05T11:41+0500
2022-03-05T11:41+0500
саясат
санкция
ұлыбритания
қазақстан
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_263:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_cf0d077182e203f19ee71edb5e1bc6da.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания Қазақстанға қарсы қандай да бір санкция салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы британиялық тараппен өткен кездесуде айтылды.Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейнекездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдады.Кездесуде Украинадағы жағдай, сондай-ақ әскери іс-қимылдарды тоқтату және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қатысты халықаралық деңгейде қабылданған қадамдар талқыланды.Сондай-ақ тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытуға дайын екенін білдірді.Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын мәлімдеп, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Ал Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтты.Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының позициясын түсіндіру үшін шақырды.
https://sputnik.kz/20220301/ulybritaniya-qazaqstan-sanktsiya-23207171.html
ұлыбритания
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/480/47/4804771_1106:0:3634:1896_1920x0_80_0_0_a4d9085030b91fd532626f02942fe15f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
санкция, ұлыбритания, қазақстан
санкция, ұлыбритания, қазақстан
Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салмайды – СІМ
Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания Қазақстанға қарсы қандай да бір санкция салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы британиялық тараппен өткен кездесуде айтылды.
Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейнекездесу өткізді, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдады.
Кездесуде Украинадағы жағдай, сондай-ақ әскери іс-қимылдарды тоқтату және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қатысты халықаралық деңгейде қабылданған қадамдар талқыланды.
"Британ тарапы Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция енгізуге ниетті емес екенін растады", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Сондай-ақ тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытуға дайын екенін білдірді.
Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайтынын мәлімдеп, бұл елдерге қарсы санкция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Ал Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс ведомство бұл мәселені зерделеп жатқанын айтты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін Қазақстанға қарсы санкция салу мүмкіндігі туралы британ тарапының позициясын түсіндіру үшін шақырды.