https://sputnik.kz/20220305/ulttyq-bank-dollardan-interventsiya-23324745.html
Ұлттық банк бес күнде 600 млн доллардан астам сомаға интервенция жүргізді
Ұлттық банк бес күнде 600 млн доллардан астам сомаға интервенция жүргізді
Sputnik Қазақстан
Теңгенің құбылмалығы санкциялар мен әлемдік нарықтағы динамикаға байланысты болады 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T15:20+0500
2022-03-05T15:20+0500
2022-03-05T15:27+0500
экономика
ұлттық банк
доллар
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Ұлттық банк теңге бағамын ұстап қалу үшін 1-5 наурыз аралығында 534,3 миллион АҚШ доллары сомасына интервенция жүргізді. Бұл сауда-саттықтың жалпы көлемінің 60% -ін құрайды. Осы соманың 414,3 миллион доллары - Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге бағытталған және 120 миллион доллар – валюталық интервенциялар.Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 28 ақпанда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционы бойынша өтті. Оның қорытындысына сәйкес, Ұлттық банк валюталық интервенциялары 98,1 ммиллион АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 61,5%-ін құрады. Сейсенбіден бастап сауда-саттық штаттық режимде өтіп жатыр. Осылайша, апта басынан бері Ұлттық Банк 630 миллион доллардан астам сомаға интервенция жүргізді. KASE-де ұлттық валютаның орташа бағамы сенбі күні түстен кейін бір доллар 503,3 теңге болды. Бұл бағам Ұлттық Банктің 6-9 наурыздағы ресми бағамы болып саналады. Сонымен қатар, валюта айырбастау пунктерінде доллар сатып алу бағамы 511-512 теңге, сату бағамы 517-520 теңге. Біраз пунктерде доллар сатылмайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк доллар тенге теңге курс обмен валют валюта айырбастау
ұлттық банк доллар тенге теңге курс обмен валют валюта айырбастау
Ұлттық банк бес күнде 600 млн доллардан астам сомаға интервенция жүргізді
15:20 05.03.2022 (жаңартылды: 15:27 05.03.2022) Теңгенің құбылмалығы санкциялар мен әлемдік нарықтағы динамикаға байланысты болады
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Ұлттық банк теңге бағамын ұстап қалу үшін 1-5 наурыз аралығында 534,3 миллион АҚШ доллары сомасына интервенция жүргізді. Бұл сауда-саттықтың жалпы көлемінің 60% -ін құрайды.
Осы соманың 414,3 миллион доллары - Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге бағытталған және 120 миллион доллар – валюталық интервенциялар.
Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 28 ақпанда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционы бойынша өтті. Оның қорытындысына сәйкес, Ұлттық банк валюталық интервенциялары 98,1 ммиллион АҚШ долларын немесе бір күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 61,5%-ін құрады.
Сейсенбіден бастап сауда-саттық штаттық режимде өтіп жатыр. Осылайша, апта басынан бері Ұлттық Банк 630 миллион доллардан астам сомаға интервенция жүргізді. KASE-де ұлттық валютаның орташа бағамы сенбі күні түстен кейін бір доллар 503,3 теңге болды. Бұл бағам Ұлттық Банктің 6-9 наурыздағы ресми бағамы болып саналады.
Сонымен қатар, валюта айырбастау пунктерінде доллар сатып алу бағамы 511-512 теңге, сату бағамы 517-520 теңге. Біраз пунктерде доллар сатылмайды.