Украина қарулы күштерінің теңіз арқылы жол қатынасы жабылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСитуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области
Ситуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Киев режимінің бақылауындағы территория теңіз жолынан оқшауланды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
РФ әскері Украинаның әуе кеңістігін толығымен бақылауда ұстап отыр және қаладағы инфрақұрылымды бұзбай, тек Украина Қарулы күштерінің нысандарына қарсы соққы жасап жатыр.
РФ Қарулы күштерінің бөлімшелері Украинаның бүкіл территориясын қамтитын кең ауқымда шабуыл жасап жатыр. Өткен тәулікте 10 елді мекен бақылауға алынды. Бұған дейін Ресей әскері Мелитополь, Геническ, Бердянск, Чернобыль және Запорожье атом электр станцияларын бақылауға алып, Киев, Чернигов, Конотоп, Сумы, Херсонды бұғаттады, Солтүстік Қырым арнасының жұмысын қалпына келтірді. Луганск және Донецк халық республикаларының әскери топтары сәтті шабуыл жасап жатыр.
Киев пен Харьковтағы жағдай әлі күрделі. "Аймақтық қорғаныс" жасақтары көшеде қарсылық топтар ұйымдастырып, бейбіт тұрғынға төнетін қауіпті арттырып отыр.
Ресейлік әскер тактикасы ірі елді мекендерге шабуыл жасауды көздемейді, қалалар жай бұғатталып жатыр. Украинаның әскери инфрақұрылымына тәулік бойы соққы жасалып жатыр. Бүгінде қашықтықтан іске қосылатын дәлдігі жоғары қару арқылы Житомирдегі оқ-дәрі қоймасы жойылды. Мұнда танкіге қарсы Javelin мен NLOW кешендері сақтаулы тұрған.
Әлібек Қуантыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Экономика
Украина төңірегіндегі жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Арнайы операцияның он күнінде Ресей Қарулы күштері Украина Қарулы күштерінің 2 037 нысанының көзін жойды: 71 басқару және байланыс пункті, әуе шабуылына қарсы 98 С-300 зениттік зымыран кешені, "Бук М-1" пен "Оса", 61 радио-локациялық жүйесі, жердегі 66 ұшақ пен әуедегі 16 ұшақ, 56 пилотсыз ұшатын аппарат, 708 танк пен басқа да броньді машина, 74 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 260-тан астам артиллерия, 505 әскери автомобиль.
Әскери шолушының пікірінше, Украина әскери инфрақұрылымының көзін жою аяқталып келеді. Қарсылық көрсетудің мәні жоқ, себебі ресейлік әскер бейбіт халыққа зақым келтіруге немесе Украинаны оккупациялауға ұмтылып жатқан жоқ. Украина Қарулы күштері әуе және теңіз байланысынан ажыратылды.
Киев режимі шетелдік жалдамалы әскерилерді ел аумағына кіргізу үшін Польша, Словакия, Венгрия және Румыниямен шекараны пайдаланып отыр.
Харьковтан солтүстік-батысқа қарай украин қорғанысы толығымен басылған. Бұл Украина Қарулы күштерінің батыс бағытында шоғырлану мүмкіндігін тежеп отыр. Ресейлік арнайы операция Днепр желісінде тоқтап қалмайтыны анық. Әскердің шығыс, солтүстік және оңтүстіктен шабуылдауы Киевті және артынша Николаев, Одесса, Львов секілді ірі қалаларды толығымен бұғаттауға мүмкіндік береді. Құрлық әскері, Әскери-ғарыш күштері, сондай-ақ Ресей Әскери-теңіз флотының Азов және Қара теңіздердегі кемелерінің әскери топтарының әлеуеті толық пайдаланылмағанын да ескеру керек.
"АҚШ барлау қызметі Ресейдің Украинаға жойқын шабуыл жасамай отырғанына дал. Украинаның Бас штабы ресейлік әскер Одессаға неге десант жібермегенін түсінбей отыр. Мариуполь мен Волновахадағы ықтимал 200 мың босқын ішінде 17 адам ғана ашық гуманитарлық дәлізді пайдаланды. Олар бейбіт тұрғындарды және шетелдіктерді босатпай, оларды "тірі қалқан" ретінде қолданып отыр", - деп жазды Александр Хроленко.
Ыстамбул - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Ресей мен Украина келіссөзін өткізуге дайын
Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель испан радиосының эфирінде Еуроодақ Ресеймен соғысып жатпағанын, олар тек шабуыл астында қалған Украинаның жағында екенін мәлімдеді. Біраз бұрын Боррель Украина Қарулы күштеріне қолдау ретінде құны 450 миллион еуро болатын қару-жарақ жөнелтуді ұсынды.
РФ сыртқы барлау қызметі Польша территориясы Укрианаға қару-жарақ пен жауынгерлер аттандыру орны ретінде қолданылып жатқанын хабарлады. Польша аумағында АҚШ, Ұлыбритания, Канада және басқа да НАТО елдерінің барлау желісі орналасқан. Олар Киев режиміне ресейлік әскердің қозғалысы туралы ақпарат ұсынып отыр.
Bild газеті Берлин Украина Қарулы күштеріне танкке қарсы 1000 кешен және "Стингер" зениттік зымыран кешенін жеткізуді ұсынғанын жазды. Түріктерге тиесілі "Байрактардың" укриандерге көмектесуі екіталай болып тұр. Ал Пентагон өзіндегі 280 дана A-10 Warthog ұшағын жаңа техникамен алмастыруды көптен бері жоспарлағанмен, оны Украинаға табыстауды көздеп отырмағаны анық. Румыния мен Словакия украин ұшқыштарына әскери техника жеткізуге ниеттенгенмен, кеңестік өндіріске жататын жойғыш ұшақтардың орнын басатын техника табылмай тұр.
Қалай болғанда да, америкалықтар, еуропалықтар мен украиндердің Ресейге қатысты жек көрініші тым асыра айтылып жатыр. Осы орайда соғыстан кейінгі Польша мен Германия Демократиялық Республикасын еске алу жеткілікті. Ал ұжымдық Батыстың агрессиясына Ресейдің еті үйренген, деп жазды ресейлік шолушы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0