Экономика

Үкімет мемлекеттік шығыстардың тиімділігін талдау әдістемесін әзірлейді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Жазылу
Жаңа әдістемені әзірлеу кезінде әртүрлі мемлекеттік бағдарламаға бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі мен негізділігі ескеріледі
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді.
Әдістемені әзірлеу жұмыстарының барысы туралы қаржы министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, есеп комитетінің бірінші басшыларының орынбасарлары баяндады.
"Талдау мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік әсерін көрсетуге тиіс: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қызметкерлердің кірісін ұлғайту, жұмыс күшінің сапасын жетілдіру және т.б. сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейтуді және төленетін салықтар көлемін ұлғайтуды қоса алғанда, экономикалық әсерді бағалау", - деп түсіндірді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сұлтанов 2018 жылдан бастап барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын жұмсау практикасын әлеуметтік-экономикалық талдау ретроспективасын әзірлеу кезінде ескеруді тапсырды. Бұл ретте үкіметтің, стратегиялық жоспарлау агенттігінің және есеп комитетінің күш-жігерін үйлестіру қажет.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау әдістемесін әзірлеу міндетін қойды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Экономика
Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралар жайлы: бұл тек басы ғана, алда өте күрделі жұмыс тұр
Жаңалықтар
0