https://sputnik.kz/20220305/turkistan-oblysy-ushem-23317882.html
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Sputnik Қазақстан
Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімі берілді 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T10:54+0500
2022-03-05T10:54+0500
2022-03-05T10:54+0500
үшем
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23317717_0:4:960:544_1920x0_80_0_0_be432b5ec681dfd6b5895e6831e14b55.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Сүйінші жаңалықты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Набат Садықбекова есімді 33 жастағы келіншек Түркістан облысының 1-перинаталдық орталығында босанған. Толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан оған жедел түрде операция жасалған.Осылайша түркістандық келіншек үш ұл дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімі берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 грамм, 1490 грамм, 1550 грамм болған.Мерзімінен ерте туған үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Қазір балалардың жағдайы жақсы, үшем анасымен бірге перзентханадан шығуға дайын.Бұған дейін 10 ақпанда Семей қаласында "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында үшем дүниеге келді. Олардың салмағы – 2 280 грамм, 2 300 грамм және 2 200 грамм. Бұл үшем үшін өте жақсы көрсеткіш деп бағалады дәрігерлер. Сәбилердің анасы 32 жаста. Жұбайы екеуі балалы болуды он жылдан артық күткен.11 ақпанда Алматы облысында үшем дүниеге келді. Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет дүниеге салмағы 2145 грамм және 1470 грамм екі қыз бала және салмағы 2050 грамм ұл бала әкелді. Сәбилер жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23317717_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_db24fad13cab682573b6a4d7598440ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үшем, түркістан облысы
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімі берілді
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында үшем дүниеге келді. Сүйінші жаңалықты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Набат Садықбекова есімді 33 жастағы келіншек Түркістан облысының 1-перинаталдық орталығында босанған. Толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан оған жедел түрде операция жасалған.
Осылайша түркістандық келіншек үш ұл дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімі берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 грамм, 1490 грамм, 1550 грамм болған.
Мерзімінен ерте туған үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Қазір балалардың жағдайы жақсы, үшем анасымен бірге перзентханадан шығуға дайын.
Бұған дейін 10 ақпанда Семей қаласында "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында үшем дүниеге келді. Олардың салмағы – 2 280 грамм, 2 300 грамм және 2 200 грамм. Бұл үшем үшін өте жақсы көрсеткіш деп бағалады дәрігерлер. Сәбилердің анасы 32 жаста. Жұбайы екеуі балалы болуды он жылдан артық күткен.
11 ақпанда Алматы облысында үшем дүниеге келді. Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет дүниеге салмағы 2145 грамм және 1470 грамм екі қыз бала және салмағы 2050 грамм ұл бала әкелді. Сәбилер жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді.